ШАРДАРА АУДАНЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС

Версия для печати

ШАРДАРА АУДАНЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС БАҒЫТЫНДА 2016 ЖЫЛДЫҢ 6 АЙЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРЫ

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының орындалуын қамтамасыз ету үшін аудан әкімдігінің 2015 жылғы  29 шілдесінде №302 қаулысымен «Шардара ауданында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау бойынша іс-шаралар жоспары» бекітілген.

Аталған іс-шаралар жоспары ауыл округі әкімі аппараттары мен  аудандық дербес бөлімдерде іске асырылып, түрлі іс-шаралар: дөңгелек үстел, семинар, жиналыс, лекциялар өткізіліп, аудан әкімі аппаратына мәліметтер беріліп отыр.

2016 жылдың бірінші жартыжылдығында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелерімен біргелікті және аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия мәжілісінде 2016 жылға бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, аудандық экономика және қаржы, мәдениет және тілдерді дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдері мен Көксу ауылдық округі және аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының бекітілген жоспар-кестеге сәйкес атқарылған жұмыстарының орындалу барысы туралы мәселелер қаралды.

Сонымен қатар, аудан әкімі аппаратында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызметі туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Әдеп кдексі туралы» Заңдарын түсіндіру мақсатында құқықтық оқытулар өткізіліп тұрады.

Құқықтық семинарлардың жүргізілу барысында, мемлекеттік қызметшіге жеке және заңды тұлғалардан қызмет үшін сыйлық алуға жол бермеу туралы түсіндірілуде. Шағымдар мен өтініштерді қарастыру кезінде аппарат қызметкерлері «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі» туралы Заңын тұрақты бақылауға алынған.

Жиналыстар мен мәжілістерде қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы, оның алдын алу мәселелері бойынша үнемі түсіндіру жіне алдын-алу жұмыстары жүргізілуде.

Аудандағы мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын табыстары жөніндегі мәлімдемелерін (деклорация) салық органдарына тапсырылған.

Есептік мерзімде сыбайлас жемқорлыққа байланысты мемлекеттік қызметшілер тарапынан құқық бұзушылықтар туралы шағымдар анықталмаған.

Сонымен қатар,  қала, ауыл округ әкімдері мен дербес бөлім басшылары,  аппарат  қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оған жол бермеу мәселелері бойынша мәжілістер тұрақты өткізілуде. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі бекітілген медиа-жоспарға сәйкес, мақалалалар жүйелі жариялануда. Көрнекі үгіт құралдары арқылы насихат жұмыстарын жандандыру мақсатында Шардара қаласында және ауылдық округтерде билбордтар ілінген.       

Аудан әкімі аппаратында, ауыл округі әкімі аппараттары мен  аудандық бөлімдерде сенім телефоны және сенім жәшігі бекітіліп, орнатылған, арыз шағымдарды тіркеу журналы арналған, аудандық «Шартарап шарайна», «Өскен өңір» газеттеріне сенім телефондарының нөмірлері жарияланып отырады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында аудандық БАҚ-на «Шартарап шарайна» газетіне-11, «Өскен өңір» газетіне-24  мақалалар жарық көрген.