Аудандық ішкі саясат бөлімінің 2019 жылғы 9 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында атқарған жұмыстары жөнінде ақпарат

Версия для печати

     Шардара ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 17 тамыздағы «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспары туралы» №443 қаулысына сәйкес, Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің 2019 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар атқарылды.

     Аталған жоспарға сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, оның алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңдарының және Әдеп кодексі талаптарын сақтау бойынша 2019 жылдың 31 қаңтар күні ішкі саясат бөлімі мен «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

     Жастардың құқықтық сауаттылығын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында Жаушықұм ауылдық округінде  ағымдағы жылдың 1 ақпан күні «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптасыру – заман талабы», Қ.Тұрысбеков ауылдық округінде 14 ақпанда «Адалдық алаңы» атты кездесулер өткізілді.

     Ауданда мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру бойынша 2019 жылдың 31 қаңтар күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен (бұдан әрі - агенттік) ұсынылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндаманың жобасын талқылау жиналысы өткізіліп, өткізілгені жөнінде ауданның ресми сайтында жарияланды.

     Аталған Ұлттық баяндаманың жобасы аясында туындаған мәселелер бойынша ұсыныстар әзірленіп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облыстық департаментіне жолданды.

     2019 жылдың қаңтар айында агенттік тарапынан сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету жөнінде жолданған 414 жадынамалар Шардара қаласындағы саябақтарда, сауда орындарында, халыққа қызмет көрсету орталығында және қала, ауылдық округтердің халық көп жиналатын жерлерге орналастырылды.  

     Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облыстық департамент жанынан арнайы құрылған мониторингтік топтың қоғамдық бақылау және кері байланысты орнату үшін арнайы ашылған ватцап нөмірі бар 24 жадынамалар ақпан айында қала. ауылдық округтердегі денсаулық сақтау мекемелерінде орналастырылды.

     Жастардың сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілігін қалыптастыру, адалдыққа тәрбиелеу мақсатында 2019 жылдың ақпан айында аудандағы 18 білім беру мекемелерінде «Адалдық дүкендерінің» ашылуы ұйымдастырылды.

     Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша барынша қамтуды қамтамасыз ету, әлеуметтік салаларда тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты төмендету мақсатында департамент тарапынан дайындалған бейнероликтер аудандық ауылшаруашылығы бөлімі, аудандық жұмыспен қамту орталығы, аудандық орталық ауруханада көрсетіліп, ауданның ресми сайтында және «Facebook» әлеуметтік желісінде жарияланды.

     ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің «Адал жолды таңдаймыз» атты жастар мрафон-эстафетасы ауданда 2019 жылдың 19 шілде – 2 тамыз күндері аралығында өтіп, іс-шара аясында әртүрлі бағытта 12 іс-шара өткізілді.

     ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті тарапынан түзілген кестеге сәйкес 2019 жылдың 13-28 тамыз күндері аралығында  аудан бойынша қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік және парасаттылық мәдениетті қалыптастыру бойынша қала, ауылдық округтерде 10 іс-шара өткізілді.

     «1 қыркүйек – Білім күні» мерекесіне орай 2 қыркүйек күні өскелең ұрпақтың  бойына адалдық, парасаттылық, әділдік және сенім құндылықтарын қалыптастыру бағытында аудандағы 25 білім беру мекемесінде «Адалдық сағаттары» өткізілді.

     Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын ауданда ақпараттық қолдау бойынша  ауданның ресми сайтында және «Өскен өңір» газетінде «Түркістан – адалдық алаңы» атты арнайы айдарлары ашылып, мақалалар жарияланды.

     Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын ақпараттық қолдау бойынша жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдарға әр айда талдау жүргізіледі. Бүгінгі таңға «Өскен өңір» газетінде – 67, «Шартарап-Шарайна» газетінде 22 мақала жарияланған. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облыстық департаментінің 8 мақаласы «Өскен өңір» газетінде жарияланды.

     Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарды сыртқы жарнамалар арқылы насихаттау бойынша ауылдық округтерде – 10,  Шардара қаласында 1 билборд орналастырылған.

     Бөлімнің мемлекеттік қызметшілері өздерінің және жұбайларының 2018 жылға арналған жеке табыстары жөнінде декларацияны мерзімінде тапсырған.

     Қазақстан Республикасы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарына сәйкес бөлімде азаматтардың арыз-шағымдары мен өтініштері үшін арнайы шыны жәшік орнатылып, күнделікті қадағаланады. Арыз иелеріне уақтылы жауап берілуі үнемі қатаң бақылауда тұрады. Бүгінгі күнге бөлімге үкіметтік портал арқылы 3 заңды және жеке тұлғаның өтініштері тіркеліп, оған мерзімінде жауап берілді.

     Азаматтардың жеке мәселелері бойынша бөлім басшысының жеке қабылдауында 12 азамат тіркеліп, олардың барлығына мерзімінде тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Құжаттар: 
ТіркемеКөлем
File баяндама 2019.docx17.82 KB