Көксу ауылдық округінің даму бағдарламасы

Версия для печати

1. Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі-Бағдарлама) халықты аудандық маңызы бар қаланы, ауылды, кентті, ауылдық округті дамытуды жоспарлау процесіне тарту және жергілікті қоғамдастықтың аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімімен өзара іс-қимылын күшейту мақсатында әзірленеді.

2. Үш жылдық бюджетпен сәйкестендіру мақсатында бағдарламаны жыл сайын жылжымалы негізде үш жылдық кезеңге әзірлеу және аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеті бекітілген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде бекіту ұсынылады.

3. Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлеу аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жүзеге асырады және жергілікті қоғамдастық жиналысына бекітуге енгізіледі.

4. Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасының құрылымына келесі бөлімдерді қосу ұсынылады:

жалпы сипаттама;

ағымдағы жағдайды талдау;

проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары;

Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.

5. «Жалпы сипаттама» бөлімінде осы аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары (аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ құрылған кездегі атауы, халық саны, ауылдық округтің құрамына кіретін ауылдардың саны мен атауы, аумағы, жергілікті қоғамдастық жиналысының құрылған күні және оларға өкілеттік берілген мерзімі, жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің саны және басқалар) көрсетіледі.

6. «Ағымдағы жағдайды талдау» бөлімінде қызмет саласының ағымдағы дамуы сипатталады:

1) экономика, әлеуметтік сала, қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп, инфрақұрылым, экология және жер ресурстары, өнеркәсіп, шағын және орта бизнес, ауыл шаруашылығы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелерін және басқады қоса алғанда, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық жағдайын қысқаша талдау.

2) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бағдарламасын іске асыруға теріс әсер етуі мүмкін проблемалық мәселелер мен тәуекелдер.

7. «Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» бөлімі іс-шаралардың атауын, іс-шаралардың аяқталу нысанын, қаржыландыру көлемін, қаржыландыру көздерін, іске асыру мерзімдерін қамтиды.

8. «Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» бөлімі аудандық маңызы бар қаланы, ауылды, кентті, ауылдық округті дамытуға бағытталған іс-шаралар тізбесін қамтиды; «ағымдағы жағдайды талдау» бөлімінде көрсетілген проблемаларды шешу және тәуекелдерді жою».

9. «Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» бөлімі республикалық, облыстық, аудандық бюджет, ауыл бюджеті, басқа да көздер (демеушілік көмек және т.б.) есебінен іске асырылатын, сондай-ақ қаржылық шығындарды талап етпейтін іс-шараларды (ұйымдастырушылық сипаттағы іс-шаралар, еріктілер және т. б.) қамтиды.