ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысындағы Әдеп жөніндегі Кеңес мүшесі, Түркістан облысының Әділет департаментінің басшысы Тұрғараев Мұхит Бекетұлы тұрғындар үшін жеке қабылдау өткізеді.
Жеке қабылдау 2019 жылдың 28 мамырында сағат 10:00-12:00 аралығында Департаменттің мәжіліс залында (Түркістан қаласы, Отырар шағын ауданы, н/з ғимарат (Департаменттер үйі) өтеді.
Қабылдауға жазылып, мемлекеттік қызметшілер немесе мемлекеттік мекемелер тарапынан орын алған құқықбұзушылықтар туралы хабарлауға болады.
Жеке қабылдауға жазылу а.ж. 27 мамыр сағат 17.30-ға дейін +7(72533)59472 телефоны арқылы жүргізіледі.
ЖАРИЯЛАНҒАН:
20.05.2019