Шардара ауданы әкімдігінің «Шардара аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Версия для печати

Шардара аудандық ішкі
саясат бөлімінің 2018 жылғы 
«12» желтоқсандағы
№_38_ бұйрығына
1-қосымша

Шардара ауданы әкімдігінің «Шардара аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Шардара ауданы әкімдігінің «Шардара аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау және қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында дайындалған.

1. Қоғамдық қатынас саласының атауы: ішкі саясат.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты әзірлеушінің атауы: Шардара ауданы әкімдігінің «Шардара аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі

3. Қоғамдық қатынастардың жеке саласында жұмыс істейтін тұлғалардың іс-әрекет қағидалары:

3.1 сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарымен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:

Қазақстан Республикасының Конститутциясы, заңдары және нормативтік құқықтық актілерінің заңдылық қағидаларын басшылыққа алу;

ҚР заңнамасына сәйкес мемлекеттік бақылау жүргізу;

азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, олардың өтiнiштерiн заңнамада белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қарауға және олар бойынша қажеттi шаралар қабылдауға;

  • жеке және заңды тұлғалардың бостандықтарын, заңды мүлделерін, құқықтарын сақтау және қорғау, азаматтардың өтініштерін заңнамада белгіленген мерзімде қарау, олар бойынша қажетті шаралар қабылдау;
  • мемлекеттік және басқада рұқсат беру қызметтерін көрсетуде барысында әртүрлі қағазбастылықтарды (бюрократия) қарастырылмаған құжаттарды талап етуді болдырмау;
  • лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің қызметінен бейтарап және тәуелсіз болуға;
  • ноомативтік-құқықтық актілерде сәйкес келмеушіліктер мен түрлі оқылымдар анықталған жағдайда осы нормативтік-құқықтық актіні дайындаған уәкілетті органға хабарлау қажет;
  • мемлекеттік қызметті тұтынушы ретінде халықтың сұранысын жалпы бағдарлап, көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын көтеру бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдау,
  • лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезiнде алатын, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi жария етпеуге және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат берудi талап етпеуге;
  • қызығушылық қақтығыстарын кез келген мүмкіндіктермен туындатпау үшін бойынша шаралар қабылдау

3.2. өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге шешімдерді даярлау және қабылдау кезінде:

  • қызығушылық қақтығыстарын кез келген мүмкіндіктермен туындатпау, ал туындаған жағдайда заңнамаларға сәйкес оларды болдырмау үшін шаралар қабылдау;
  • шешімдер шығарылатын бақылау іс-шаралары мен басқа да іс-қимыл өткізуде мәселелерді объективті түрде қарап, заңнамалдарға сәйкес шешімдер қабылдау;
  • өзінің заңды міндеттерін орындауға қатысты мемлекеттік қызметшінің уәкілеттілігіне жататын шешімдер қабылдау барысында материалдық байлық, қызмет және басқа да жеңілдіктер қабылдамауға тиіс;
  • қызметтік міндеттеріне сәйкес және оған берілген құқықтар шегінде өз уәкілеттігін жүргіз;у
  • көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша қызметтік және коммерциялық құпияларды сақтауды қамтамасыз ету;
  • жеке және заңды тұлғаларға жақсы көрінбеу, қызметтік міндеттерді орындауда олардың ықпалынан тәуелсіз болу;
  • қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануға;

3.3. нормативтік құқықтық актілердің жобаларын даярлау кезінде:

  • нормативтік-құқықтық актілерді дайындауға ұсыныс енгізуде қатаң түрде ҚР «Құқықтық актілдер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V заңын басшылыққа алу қажет.
  • өзі немесе үшінші тұлғалар үшін нормативтік-құқықтық актілер қабылдауды болдырмау;
  • белгісіз тұлғалар тобына немесе жеке белгілі тұлғаларға жүгінуі тиіс.

3.4. тіршілік әрекеті саласы спецификасына байланысты туындайтын өзге қарым-қатынастар кезінде:

  • мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұруға;
  • жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуге;
  • іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға тиіс.;
  • басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзудың жолын кесуге немесе оларды болдырмау жөнінде өзге шаралар қабылдауға;
  • ұжымда әріптестерінің ар-намысы мен абыройына кір келтіретін жеке және кәсіптік қасиеттерін талқылаудан аулақ болуға;
  • басшылардың тапсырмаларын орындау кезінде тек объективті және шынайы мәліметтерді ұсынуға.

4. Өзге де шектеулер мен тыйым салулар:

егер мемлекеттік қызметші өзіне мәлім сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықты болдармау және тоқтату бойынша қажетті шаралар қабылдауы қажет, сонымен қатар, өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың анық жағдайлары туралы өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының және (немесе) құқық қорғау органдарының назарына жазбаша түрде жеткізуі тиіс. Мемлекеттік қызметші, сондай-ақ, өзін басқа тұлғалар арқылы сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарға итермелейтін жағдайлар туралы көрсетілген тұлғалар мен органдарды жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.

кәсіпкерлік қызмет, сондай-ақ мемлекеттік қызметті орындаумен үйлеспейтін қызметті орындау; қызметтік міндеттерді орындауда жеке және заңды тұлғалардан сыйлықтар алу (сыйлық, ақшалай сыйлық, ойын-сауық, демалыс ақысын, көлік шығындарын төлеу және басқа да сыйлықтар);

өзінің қызметтік құзіретін және онымен байланысты мүмкіндіктерін жеке мүліктік және мүліктік емес пайдасына пайдалану.


 

ЖАРИЯЛАНҒАН: 
25.12.2018-12:00:00