СҮТКЕНТ АУЫЛЫНДА ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Версия для печати


Тәуелсіздік мерекесін Сүткент ауылының тұрғындары ауылдағы Мәдениет үйінде атап өтті. Салтанатты шарада ауыл әкімі Олжас Айдосов құттықтау сөз сөйлеп, Тәуелсіздік мерекесінің мән-маңызына ерекше тоқталып өтті. Сонымен бірге, Олжас Қалмаханбетұлы әр салада еңбек етіп,  ауылдың көркейіп-гүлденуіне үлестерін қосып жүрген  азаматтарға «Алғыс хаттар» мен сый-сияпаттар тапсырып, мерекелерімен құттықтады. 

Салтанатты шара барысында ауыл өнерпаздары әуелете ән салып, мектеп оқушылары сахналанған көріністер қойды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.


  


 

ЖАРИЯЛАНҒАН: 
14.12.2018-12:00:00