Қоғамдық тыңдау өтеді

Версия для печати

2018 жылдың 25 шілдесінде сағат 11.00 де  Шардара аудан әкімдігінің акт залында«Шардара орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі»мемлекеттік мекемесіне қарасты жалпы көлемі- 70,7 гектар орман қоры жерін «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің  «2037 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін (шекара заставалары  құрылысы мен ату, оқу-жаттығу алаңы және тікұшақ қону алаңы үшін) басқа санаттағы жерлерге ауыстыру жөнінде  қоғамдық тыңдаулар өткізілетіндігін хабарлаймыз.

            Қоғамдық тыңдалымға қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар, жоспарланған қызмет түрлері енгізілген. Қоғам өкілдерінің жоба материалдарымен қағаз түрінде танысуға болатын орын: Шардара қаласы, Қазыбек би көшесі, н/з үй, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі мемлекеттік мекемесі. Материалдардың электрондық нұсқада орналасқан интернет қорының мекенжайы: shardara.gov.kz. (Шардара ауданы әкімінің ресми сайты). Жұртшылық өкілдері тыңдаулар өткізілгенге дейін өздерінің ой-пікірлерін, ұсыныстарын Шардара ауданы әкімдігінің shardara_akimat@mail.ru электоронды поштасы арқылы білдіре алады. Қоғамдық тыңдаулар өткізілетін орынның мекенжайы: ОҚО, Шардара қаласы, Төлеби көшесі, н/з үй.


 

ЖАРИЯЛАНҒАН: 
27.06.2018-10:34:00