Шардара ауданында 2017 жыл сәуір-қараша айлары аралығында іске асырылуы туралы мәлімет

Версия для печати

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің «Есіктен есікке» бағдарламасы бойынша
Шардара ауданында 2017 жыл сәуір-қараша айлары аралығында іске асырылуы туралы мәлімет
 

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттік» атты Жолдауының бесінші басымдығына сәйкес сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу шараларын күшейту мен қоғамда сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің «Есіктен есікке» бағдарламасы аясында азаматтарды жедел қабылдау мақсатында құқық қорғау, мәдениет, спорт саласы қызметкерлері, «Нұр Отан» партиясы, қоғамдық ұйым мүшелері мен дін өкілдерінен құралған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ құрылып, қала, ауылдық округтерде 18 қоғамдық қабылдауы  (Сәуір айында: Шардара қаласы Халыққа қызмет көрсету орталығы, аудандық аурухана және емхана ұжымы, №1 М.Әуезов, Б.Соқпақбаев жалпы орта мектептері. Ауылдық округтер: Жаушықұм, Қ.Тұрысбеков, Қоссейіт, Көксу, Ұзын ата, мамыр айында: Шардара қаласы, «Абай» алаңы, маусым айында: Шардара қаласының ортиалық мешіті, «Абу мансур-әл Матруди мешіті», қазан айында: аудандық ішкі істер бөлімі, пошта мекемесі, қараша айында: №3 мамандандырылған мектеп-интернат, №8 «Балапан», «Балбөбек» балабақшалары) өткізілді.

Қоғамдық қабылдау барысында сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында жемқорлықтың қоғамға тигізер зардабы мен оның жазасы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы 1555 парақшалар таратылды.

Сонымен қатар, «Есіктен есікке» бағдарламасы аясында 2017 жылдың 18 мамыр күні Шардара қаласы, «Абай» алаңында «Парасыз болашаққа. Бірге!» атты жастар форумы өткізіліп, форум барысында кітап көрмесі, білім беру мекемелерінің флеш-мобы  және мобильді топтың қоғамдық қабылдауы ұйымдастырылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы 400 парақшалар таратылды.

2017 жылдың 7 маусым күні Шардара қаласындағы «Абу мансур-әл Матруди мешітінде» және 15 маусым күні Шардара қаласының орталық мешітінде «Ауыз ашар» рәсіміне жиналған жамағатқа сыбайлас жемқорлықтың жазалары жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы 400 парақшалар таратылды.

2017 жылдың 17 маусым күні аудандық төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесе «Парасыз болашаққа бірге!» атты велошеру өткізілді. Велошеруге қатысқан жастар Шардара қаласының көшелерінен өтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы 50 парақшалар таратып, Шардара қаласындағы орталық стадионда спорттық жарыстарға қатысты.

Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу, халықты ақпараттандыру мақсатында 2017 жылдың мамыр, маусым айларында қала, ауылдық округ тұрғындарына коммуналдық төлем түбіртектері арлқылы «1424-колл орталықтың» нөмірі бар ақпараттық парақшалар таратылды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бас маманы Гүлмира Төлегенқызының қатысуымен «Есіктен есікке» бағдарламасы аясында Шардара аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ мүшелерімен біргелікте 2017 жылдың 23 қазан күні Шардара аудандық қорғаныс істері жөніндегі, төтенше жағдайлар бөлімі мен №15 Өрт сөндіру бөлімдерінде  және Шардара қаласындағы «Арайлым» балабақшаларында кездесуі өткізілі. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлық атаулының зардаптары мен жазалары жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жемқорлыққа қарсы    210 парақшалар таратылды.

Сондай ақ, 2017 жылдың 23 қазан күні департамент қызметкерлерінің және облыстық кәсіподақ ұйымы мүшелерінің қатысуымен Шардара қаласындағы Қ.Аманжолов жалпы орта мектебінде «Парасыз болашаққа. Бірге!» атты кездесу өткізіліп, сыбайлас жемқорлыққа ьқарсы 100 парақша таратылды. 

2017 жылдың сәуір-қараша айларында «Есіктен есікке» бағдарламасын бұқаралық ақпарат құралдарында сүйемеледеу бойынша, аудандық «Өскен өңір» газетінде 13, әлеуметтік желілерде 10 мақала, телеарна арқылы 3 көрсетілім, сыртқы жарнамалар арқылы насихаттау мақсатында 21 билборд, қоғамдық орындарда      90 ақпараттық парақшалар орналастырылып, коммуналдық төлем түбіртектері арқылы тұрғындарға ай сайын ақпараттық парақшалар таратылды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті тарапынан,   2017 жылдың 7 маусым күні «Есіктен есікке» бағдарламасын насихаттауда белсенділік танытқаны үшін, Шардара аудандық ішкі саясат бөліміне «Алғыс хат» жарияланды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің облыстық департаменті мен «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткізілген «Парасыз болашаққа бірге!» атты аймақтық конкурсында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы                        іс-қимылдың жаңашыл әдістері» номинациясы бойынша Шардара аудандық ішкі саясат бөлімі екінші орын иеленді.


 

ЖАРИЯЛАНҒАН: 
10.01.2018-12:00:00