«ҚЫС – 2018» МАРАФОНЫ ӨТТІ

Версия для печати


«Спорт – сыбайлас жемқорлыққа қарсы» ұранымен жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында марафон жарысы өткізілді. «Қыс – 2018» тақырыбымен өткен желаяқтар жарысына барлығы 7 команда қатысты. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, қаладағы әуежай алаңында өткен марафонда шын мықтылар анықталды. Ұлдар арасында өткен жарыста «Жаушықұм» мектеп-лицейінің командасы мәре сызығын бірінші болып кесіп, жеңімпаз атанды. Ал, №3 мамандандырылған мектеп интернаттың желаяқтары сөреге екінші болып жетсе, №2 БЖСМ спортшылары үшінші орынды бағындырды.

         Қыздар арасында өткен жарыста М.Горький атындағы жалпы орта мектебінің желаяқтарына ешкім ілесе алмай, бас бәйгені еншіледі. Бұл сайыста «Жаушықұм» мектеп-лицейінің қыздары екінші орынды иеленсе, Құрманғазы атындағы жалпы орта мектебінің командасына үшінші орын бұйырды.

         Марафон соңында жеңімпаз желаяқтарға грамоталар мен сый-сияпаттар тапсырылды.

         Аудан әкімінің баспасөз қызметі.


  


 

ЖАРИЯЛАНҒАН: 
08.01.2018-10:34:00