Құрметті Шардара ауданының тұрғындары!

Версия для печати

Елбасының 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларына қайшы әрекеттерін әшкерелеуге бағытталған қоғамның мемлекеттік мекемелерге сенімін нығайту мақсатында, сонымен бірге, мемлекеттік мекеменің қызметтік автокөліктерін сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта пайдалануға қатысты іс-шаралар жүргізілуде.
Осыған байланысты, мемлекеттік қызметшілер тарапынан Әдеп кодексі талаптарының бұзылу (қызметтік автокөлікті қызметтік мақсатта пайдаланбау, масаң күйде болу, т.б.) деректері анықталған жағдайда, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің сенім телефонына (whatsApp) арқылы +7 747 001 18 63 фотосуретке немесе видеожазбаға түсіріп жолдауға болатынын хабарлаймыз.


 

ЖАРИЯЛАНҒАН: 
26.12.2017-12:00:00