Аудандағы өзекті мәселелер

Версия для печати

АУДАНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР КАРТАСЫ


Шардара ауданы бойынша өзекті мәселелер

Жалпы- 16

ЖКХ саласы- 7

Ауылшаруашылығы саласы- 5

Құрылыс саласы- 2

Білім саласы-1

Мәдениет саласы- 1

Өзекті мәселенің мазмұны

Шешу үшін атқарылған жұмыстар

Күтілетін нәтиже

Жауаптылар

Орындалу мерзімі

Шардара қаласы

 

  1.  

 

Аудандағы елді мекендерді оның ішінде Шардара қаласын көгілдір отынмен қамту мәселесі.

 

Шардара қаласын және қаламен іргелес елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 2012-2013 жылдары "Газ құбырын бұрып алу және ОҚО, Шардара ауданы газбен қамтамасыз ету үшін ГРС№17 Ұзын ата және ГРС№18. ГРС №18 Шардара» нысаны бойынша құрылыс жұмыстары жүргізіліп, Қазақстан-Қытай жоғары қысымды газ құбыры арқылы өткелдің қаралмауына байланысты жоба қайта нақтылауға ұсынылып, құрылыс жұмыстары тоқтатылған болатын. Бүгінгі күнге аталған жоба қайта нақтылаудан өтіп, «ОҚО Шардара ауданын газбен қамтамасыз ету үшін «Шардара» ГРС-18 және газ құбырынан бұрып алу» (түзету)» жұмыс жобасы бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Түзетілген жоба бойынша 2017 жылға 122 009,0 мың теңге қаржы облыстық бюджеттен бөлінді.

Осы жоба іске асып, №18 ГРС Шардара іске қосылғанда Шардара қаласы және қаламен іргелес 11 елді мекен (Шардара қаласы, Қоссейіт, Жаушықұм, Бағыскөл, Жаушықұм-1, Қалғансыр, Құйған, Шардара, Ақберді, Бозой, Қуанқұдық, Пішентөбе ауылдары) тұрғындары 44 120 адамды (аудан тұрғындарының 55,7 пайызы) табиғи газбен қамтылуға мүмкіндік алады.

Сонымен қатар аудандық бюджет қаржысы есебінен 3 жоба әзірленуде.

1.«ОҚО, Шардара ауданы Шардара қаласына «Шардара» ГРС №18 жоғары қысымды газ жеткізіп беруші газ құбыры және Шардара қаласы «Өтеғұл» шағын ауданын квартал ішіндегі (орта қысымды газ құбыры) газ жүйелерінің құрылысы» Жобалаушы «ҚазНұр жобалау-құрылыс институты» ЖШС.

2.«ОҚО, Шардара ауданы Шардара қаласын газбен қамтамасыз ету үшін газ жүйелерінің құрылысы» Жобалаушы «ҚазНұр жобалау-құрылыс институты» ЖШС.

3.«ОҚО Шардара қаласындағы Мелдеби, Мешіт шағын аудандарын газдандыру». Жобалау жұмыстары 2016 жылға өтпелі. Жобалаушы «Құрылыс Сервис БКК» ЖШС.

Осы жобалар іске асқан жағдайда 57 411 тұрғын (аудан тұрғындарының 72,43 пайызы) газдандырылып, жалпы аудан бойынша табиғи газбен қамтылған халықтың үлесі 89,7 пайызды құрайтын болады.

 

Н.Сапаров

А.Махашев

Е.Бекет

2019 жыл

4 тоқсан

Қ.Тұрысбеков ауылдық округі

 

  1.  

2014 жылы РШ-4 каналы күрделі жөндеуден өтіп округтегі барлық қашыртқылармен канал тармақтары механикалық тазалаудан өткен болатын. Қазіргі таңда РШ-2, РШ-3 каналдарының табанымен дамбаларының  күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілмеуі себепті су өткізгіш қабілеті өте төмендеп, жер асты суының көтеріліп, жердің сорлануына байланысты осы каналдардың бойындағы ш/қ жерлері қажетті көлемде өнім бермеуде.

   РШ-2, РШ-3 каналдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ЖСҚ дайындауға ОҚО ауылшаруашылық басқармасына ұсыныс берілген, 2018 жылы ауылдық округте ауылшаруашылық кооперативтеріне мүше болып, шаруа қожалықтардың  бірігуіне жол ашылады.

 

Бұл каналдардың бойындағы  шаруа қожалықтарының егістік алқаптарға әр түрлі ауыл шар дақылдарын егу мүмкіндігі артады. 110 га суармалы жер айналымға қосылады, 280 га суармалы жердің жер асты суы төмендеп, ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігі жоғарылайды.

Қ.Жолдыбай Т.Әлімқұл А.Сейдалиев

2019 жыл

4 тоқсан

  1.  

 Қ.Тұрысбеков ауылдық округіне қарасты Қуанқұдық, Ақберді, Бозай (Есалы)  елді мекендеріндегі таза ауыз су көзі қоры  анықталуына байланысты ауылішілік су желілерін тарту жұмыстарын жүргізу үшін ЖСҚ дайындау

 Қ.Тұрысбеков ауылдық округіне қарасты Қуанқұдық, Ақберді, Бозай (Есалы) елді мекендеріне  ауызсу желілерін жүргізуге ЖСҚ дайындауға қаржы бөлдіруге ықпал жасап, жұмыс жүргізу.

Қуанқұдық, Ақберді, Бозай (Есалы)  елді мекендеріндегі тұрғындар таза ауыз сумен қамтылып,  «Ақ бұлақ» бағдарламасы орындалуы қамтамасыз етіледі.

Н.Сапаров

А.Махашев

А.Сейдалиев

2019 жыл

2- тоқсан

  1.  

Қ.Тұрысбеков ауылдық округіне қарасты Қуанқұдық, Ақберді, Бозай (Есалы)  елді мекендеріне ауылішілік газ желілерін тарту жұмыстарын жүргізу үшін ЖСҚ дайындау

Қ.Тұрысбеков ауылдық округіне қарасты Қуанқұдық, Ақберді, Бозай (Есалы) елді мекендеріне  газ желілерін жүргізуге ЖСҚ дайындауға қаржы бөлдіруге ықпал жасап, жұмыс жүргізу

Қ.Тұрысбеков ауылдық округіне қарасты елді мекен тұрғындарының

тұрмыс жағдайы жақсарады.

Н.Сапаров

А.Махашев

А.Сейдалиев

2020 жыл

2 тоқсан

  1.  

Шардара ауылына ауылішілік газ желісін жүргізу жұмыстары

Ақберді елді мекеніне түсетін ГРС-18 құрылыс жұмыстары 2018 жылы  басталуымен байланысты, Шардара ауыл- ішілік газжелісін жүргізу жұмыстарының  ЖСҚ-сы 2013 жылы дайындалған құжаттарының уақтысының өтуіне орай, қайта экспертизадан өткеруге қаражат  бөлдіруге ықпал жасау.  

Шардара ауылына ауылішілік газ желісі уақтылы тартылып, ауыл тұрғындарының тұрмыс жағдайы жақсарады.

Н.Сапаров

А.Махашев

А.Сейдалиев

2019 жыл

2 тоқсан

Қоссейіт ауылдық округі

 

  1.  

Елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету туралы.

     Қоссейіт елді мекеніне сырттан келетін жоғары қысымда газ жүйесі мен ішкі жүйесі 2012-2013 жылдары тартылған. Бүгінгі таңда №18 – Шардара автоматтандырылған газ реттеуші стансасының жұмыс жобасы қайта нақтыланып, мемлекеттік сараптамадан өтуде. 2018 жылы құрылыс жұмыстары жүргізіліп, аяқталған жағдайда елді мекен көгілдір отынмен қамтылады деп күтілуде.

Елді мекен халқын көгілдір      отынмен қамту толық шешіледі, экологиялық жағдай жақсарады.

Н.Сапаров

А.Махашев

2019 жыл

2 тоқсан

  1.  

Ыңғайластырылған «Қоссейіт» ЖОМ-не қосымша 200 орындық оқу корпусы, асхана және спорт зал құрылысы.

«Қоссейіт» жалпы орта мектебінің қосымша 200 орындық оқу корпусы, спорт залымен асхана құрылысына қажетті шешімі, жердің мемлекеттік актісі және сәулет жоспарлау тапсырмасы толық жасалып, жобалау-сметалық құжаттарын жасауға және мемлекеттік сараптамадан өткізуге 14,0 млн теңгеге аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі  арқылы облыстық бюджеттен қаржы қарауға ұсыныс берілген.

Оқушылардың сапалы білім алуына, тамақтануына және спортпен айналысуға жағдай туғызады. 

Б.Шомпиев

А.Бердалиева

2019 жыл

3 тоқсан

Көксу ауылдық округі

  1.  

Жаңа тұрғын үй массивіне  инфраструктура  жүргізу.

ЖСҚ дайындау  үшін  Аудандық  ТҮКШ., ЖК., және  АЖ бөліміне  ұсыныс берілген

Жаңа тұрғын үй массивінде инфраструктураны дамыта отырып, ауыл тұрғындарының тұрмыстық жағдайын жақсарту және ауылдың сәулеттік көркін реттеу.

Н.Сапаров

Н.Мирзахметов

Е.Сүттібаев

2018-2020 жыл

 

  1.  

Мәдениет  үйі  ғимаратын  күрделі  жөндеуден өткізу.

Жергілікті бюджеттен ЖСҚ –ға қаржы бөлдіру үшін аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне ұсыныс  берілген.  2018 жылдың 2 тоқсанында ЖСҚ-сы әзірленетін  болады. 

Жоба  іске асқан  жағдайда  ауыл жастары бос уақыттарын  тиімді әрі пайдалы өткізеді.

Б.Шомпиев

Ш.Қаппаров

Е.Сүттібаев

2019 жыл

3 тоқсан

Алатау батыр ауылдық округі

  1.  

Ауыл округіндегі 4,3 шақырым көшелерді орта жөндеу. / 3,0 шақырым көшелерге жобалық сметалық жобасы жасалынған. Құны 204,0 млн.теңге/

І-ІІ-ІІІ кезеңге бөліп, облыстық бюджеттен қаржы бөлу

Осы жобалар іске қосылған жағдайда тұрғындардың, автокөліктердің  жүріп тұруы жақсарады.

Н.Сапаров

А.Махашев

Т.Ешенқұлов

2019 жыл

3 тоқсан

  1.  

Ауыл округінің тұсынан өткен Қызылқұм магистралды каналының 6,8 шақырымын бетондау

ҚМК –ның  3,8 шақырымын бетондауға 1,6 млрд. теңге бөлініп, 200 метрі бетондалған. Қалған 3,6 шақырым бетондау үшін, 2018 жылы ОҚО ауылшаруашлығы басқармасына ұсыныс беріледі.

Ауыл округінің жер асты суының көтерілуін тоқтатады.

Қ.Жолдыбай

Т.Әлімқұл

Т.Ешенқұлов

2019 жылдың   3-тоқсан

Қызылқұм ауылдық округі

  1.  

Жобадағы 13 көшеге инфрақұрылым жүйесін жүргізуге (жол, электр энергия, ауыз су) ЖСҚ-сын дайындау.

2018 жылдың аудандық бюджеттік жоспарына енгізу.

Ауылдық округте жас отбасылар тұрғын үй құрылысы және жеке қосалқы шаруашылығын жүргізуге жер учаскелерімен толық қамтамасыз етіледі.

Н.Сапаров

Н.Мирзахметов

Н.Исаев

2019 жыл

2 тоқсан

  1.  

Қызылқұм ауылдық округі бойынша суармалы жер көлемі 5800 га. Қазіргі таңда жер асты суының көтеріліп, жердің сорлануына байланысты 1000 га жуық жер істен шыққан. АШТӨ суармалы жерлерінің толық игерілуі үшін 40 шақырым Батыс қашыртқыны тазалау, АКВЕДУК су өткізгіш көпірін жөндеу, 33 тік ұнғыма дренаждарды қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу.

Ауыл шаруашылығы  Министрлігінің Су ресурстары комитетінің  «ПУИИД-2» бағдарламасы аясында іске асыру.

Нәтижесінде 1132 га. суармалы жер айналымға қосылып, 100 – ге тарта шаруа қожалық жерлері игеріліп, қосымша 200 адам жұмыспен қамтылады.  Ауылдық округтің әлеуметтік–экономикалық жағдайы жақсарады.

Қ.Жолдыбай

Т.Әлімқұл

Н.Исаев

2019 жылдың   3-тоқсан

Ақшеңгелді ауылдық округі

 

  1.  

Ақшеңгелді ауылдық округінің 2-х-1, 2-х-1а, 4-к-1, 4-к-2, 4-к-3, 4-к-4 ішкі су жүйелерін (лоток) ағымдағы жөндеу арқылы 2400 га суармалы жерді суландыру

Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі арқылы «ПУИИД-3» бағдарламасына кіргізуге құжаттар жинақтауда.

Елді мекен тұрғындарының егін шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтардың егістік жерлерін суландыру жүйесі оңтайлы шешімін табады.

Қ.Жолдыбай

Т.Әлімқұл

О.Сахов

2019 жылдың   3-тоқсан

Достық ауылдық округі

  1.  

Мемлекеттік коммуналдық меншіктегі 1-х-2 каналын күрделі жөндеуден өткізу.

Қазіргі таңда күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттары (ЖСҚ) әзірлену үстінде.

Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген жағдайда 996 га жер қайта айналымға қосылады.

Қ.Жолдыбай

Т.Әлімқұл

Т.Батыршаев

2019 жылдың   3-тоқсан

Жаушықұм ауылдық округі

  1.  

Жаушықұм ауылдық округіндегі елді мекендерді көгілдір отынмен қамту

Шардара қаласын және қаламен іргелес Жаушықұм ауылы табиғи газбен қамту үшін, құрылысы басталып, жұмыс жобасы қайта нақтылауға ұсынылған ГРС 18 «Шардара» стансасы құрылысын аяқтау қажет.

ГРС 18 «Шардара» стансасы құрылысы жобасын қаржыландыру

399 тұрғын үй газбен қамтылған болар еді

Н.Сапаров

А.Махашев

Н.Нұрсейтов

2019 жыл

3 тоқсан


ЖАРИЯЛАНҒАН: 
11.12.2017-12:00:00
ЖАҢАРТЫЛҒАНЫ: 
13.11.2018-12:00:00