ТУҒАН ЖЕР БАҒДАРЛАМАСЫ

Версия для печати

Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан  іс-шаралар туралы мәлімет.

І. Атамекен бағдарламасы:

1.«Табысқа апарар» жобасы аясында  жоспарланған іс-шаралар кестесі жасалынып, бұл бойынша  ауданда жемісті жұмыс істеп жатқан 2 кәсіпкерлік тұлғамен жеткен жетістіктері, тәжірибесі жайлы  кездесу мен шебер сыныбы өткізілді.

24 қараша күні «Алтын күз» ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді.

2.«Демеушілер есебінен әлеуметтік қолдау жобасы» аясында демеушілер есебінен жалпы құны 258,2 млн теңгені құрайтын 58 әлеуметтік қолдау жобаларын іске асырылуда. Осы жоба бойынша ауданымызда «Чемпиондар аллеясын» (6,0млн.теңгеге) салғаны үшін жерлесіміз Роман Досмұрат Амангелдіұлы облыс әкімінің арнайы марапатына ие болды.

«Қазақстанның киелі жерлері» арнайы жобасы бойынша республикалық картасына енгізілген Ұзыната кесенесіне жаңғырту жұмыстарына тиісті құжаттар рәсімделіп жатыр.

3. «Білімге бастар жол» жобасы аясында әлеуметтік қолдауды қажет ететін мектеп түлектерін жоғары және техникалық және кәсіптік  білім алуы үшін оқу ақысын төлеу бойынша Шымкент қаласындағы «Болашақ» колледжінің қолдауымен аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасынан шыққан және жартылай  жетім 4 оқушыға білім гранты ұсынылған. Жалпы құны 1млн 20 мың теңге.

4. «Елді мекендерде бұқаралық спортты дамыту» кіші жобасы бойынша 32 іс-шара өткізіліп, 6204 адам қамтылды.

5. «Ажарлы үй-ырысты» кіші жобасы аясында 2017 жылы аудандық бюджеттен 132,0 млн теңге бөлініп,  аудан аумағындағы қала және ауылдық округтерде абаттандыру жұмыстары жүргізілді:аясында жалпы 63 көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін, 110 кіреберістерін, 32 аулаларын ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.  көгалдандыру бойынша 2017 жылы көктемгі-күзгі маусымда аудан бойынша 64 800 түп ағаш көшеттері отырғызылды. Оның 31 400 түбі бюджет қаржысы есебінен отырғызылды. Аудандық бюджеттен бөлінген қаржы 9,0 млн теңге.

Шардара ауданы бойынша 12,95 га жер игеріліп, көгалдандырылды, аумақтары қоршалды.

Күзгі көгалдандыру жұмыстарына 9400 ағаш көшеттері егілді.

Санитарлық тазалық. Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету бойынша аудандық бюджеттен 27,3 млн теңге бөлінген. Есепті мерзімде санитарлық жұмыстары жүргізілді.

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында «Туған жер-туған ел» базалық бағытындағы «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру», «Ажарлы үй- ырысты» жобалары бойынша «Таза қала және ауыл округі»,         «Таза аула, таза үй»,  «Таза көше», «Ең үлгілі көше», «Ең үлгілі жеке үй», «Ең үлгілі көпқабатты тұрғын үй» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бөлінген қаржы 1 млн. теңге.

«Демеушілер тарапынан әлеуметтік қолдау» кіші жобасы аясында «Ер есімі-ел есінде» атты іс-шараға сәйкес, ардагерлерге 2млн 300мың теңге әлеуметтік көмектер берілді. «Балалар болашағымыз» 1 маусым балалар күні меркесіне орай аудандағы аз қамтамсыз етілген отбасылардың  баласына 22 мың теңге    әлеуметтік

көмектер берілді. Аудандағы «Қарттар мен мүгедектер күніне орай» жалпы саны 381 азаматқа       1млн 100 мың теңге әлеуметтік көмектер ұйымдастырылды.

ІІ.«Ақпараттық толқыны» жобасы аясында

Республикалық «Егемен Қазақстан»  газетінде (№198   16.10.2017ж) «Үш тілді» шәкірттер үндесуі  атты, ауданда «Сананың ашықтығы» басым бағыты бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мақала жарияланды.

         Сонымен қатар, ауданда «Туған жер» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының аясында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша (№8 «Балапан» бала бақшасы, «Шардара» мектеп-лицейі) арнайы түсірілім облыстық «Қазақстан-Шымкент» телеарнасында көрсетілді.

         Жалпы республикалық, облыстық БАҚ-да 8 мақала, 1 көрсетілім жарияланды.

         Ауданның «Өскен өңір» газетінде арнайы (логотипі бейнеленген) айдар ашылып, мақалалар, ой-пікірлер, өткізілген іс-шаралар туралы материалдар жариялануда.

         Бүгінгі күнге жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында («Өскен өңір», «Шартарап Шарайна» газеттері) 119  мақала жарық көрді.

         Ауданның ресми сайтында «Туған жер» бағдарламасына арналған арнайы бет ашылып, кіші бағдарламалардың орындалуы жөнінде мәліметтер, атқарылған іс-шаралар жариялануда.

         «Facebook»желісінде «Рухани жаңғыру - Шардара» арнайы парақшасы және топ ашылып, ой-пікірлер жариялануда.

         Ауданның ішкі саясат бөлімі тарапынан «Туған жер» бағдарламасы бойынша жарияланған барлық материалдар бойынша бойынша мониторинг жүргізілуде.

         Ауданда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын көрнекі құралдар арқылы насихаттау мақсатында қала, ауыл округтерінде  15,   білім беру және басқа да мекемелерде 91, жалпы  106  билбордтар орналастырылды.

         «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мақаласының ақпараттық парақшалары 45 қоғамдық көліктерге ілінді.

ІІІ.«Рухани қазына» кіші бағдарламасының «Өнегелі құндылықтар» жобасы аясында 16 іс шара өтіп, 1300 адам, «Туған өлке мәдениеті» жобасы аясында 18 іс шара өтіп, 1250 адам,  «Тарихи-мәдени мұра» жобасы аясында 13 іс шара өтіп, 950 адам, «Жергілікті туризм» жобасы аясында 2 іс шара өтіп, 600 адам қамтылды. Жалпы 4 жоба аясында 49 іс-шара өтіп, 4100 адам қатысты.

ІV. «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Алтын адам» кіші жобасы аясында  білім беру мекемелерінде ауданның зиялы қауімі, облысқа, республикаға білім, мәдениет, спорт салалары бойынша аты танымал тұлғалармен кездесулер өткізілді. Кездесулерге  24 мектеп, 3 мектептен тыс мекемелерде жалпы -1560 оқушы қатысты.

Аудандық «Өлкетану» мұражайына оқушыларға «Өлкетану» арнайы курсы негізінде сабақ өткізу бойынша білім бөлімінің кестесі түзіліп, кестеге  сәйкес  әр аптаның сенбісінде қалалық, ауылдық мектептердің оқушылар қатысуда –  Қазан айында оқушы саны – 941.

Ауданның барлық білім беру мекемелерінде «Букроссинг» бұрыштары орнатылған. Кітап алмасу кезеңі басталғаннан бері 7400 ге жуық оқушы қатысқан. Қазіргі таңда мектептерде «Кітапхана білім ордасы» атты онкүндік өткізілуде.

Барлық мектептерде «Кітапхана білім ордасы» атты айлық басталды. Айлықтың бірінші аптасы «Жақсы кітап жан азығы» атты  ашық тәрбие сағаттары және «Менің сүйікті кейіпкерім» атты шағын эссе жазу байқауы өтті. Жалпы іс-шараға ауданның мектептерінен – 6250 оқушы ашық сабақтарда, 66 оқушы эссе жазуға қамтылды.

 «Дарындылар елі» кіші жобасы аясында «Театрдың ғажайып әлемі» атты аудандық байқау өткізілді. Аудандық байқауға барлық мектептер мен мектептен тыс мекемелердің  оқушылары, педагогтары қатысты. Әр мектептен сахналандырылған қойылымға 12-15 оқушыдан қатысқан. Жалпы аудан бойынша 370 оқушы 48 педагог-жетекші қатысты.

«Дарынды ұрпақ ел болашағы» атты кіші жоба аясында «Бір шаңырақ астында» атты өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен аудандық слет  өткізілді. Слетке аудандық балалар саз мектебінің талантты өнерпаздарының ішіндегі өзге ұлт өкілдері қатыстырылды. Сонымен қатар М.Горький, Т.Тәжібаев, С.Каттабеков ат о/м өзге ұлт оқушылары қатысты.

«Ұлы өнертапқыштыққа ұлы жол» атты кіші жобасы аясында «21 ғасыр техниктері» атты аудандық жас өнертапқыштар арасында байқау өткізілді. Байқауға ауданның әр мектебінен 5 жұмыстан тапсырылып, «Бас жүлдеге» Т.Айбергенов ат. м/г 11 сынып оқушысы Есқараева Асылзат иемденді. Аталған байқаудың жүлдегері аудандық білім бөлімінің мадақтамасымен марапатталды.


Шардара ауданында Елбасының  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы 6 басым бағыттың жүзеге асуын қамтамасыз ету мақсатында атқарылған жұмыстар.

1.Бәсекеге қабілеттілік;

2. Прагматизм;

3. Ұлттық бірегейлікті сақтау;

4. Білімнің салтанат құруы;

5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы;

6. Сананың ашықтығы

1. Латын әліпбиіне көшу;

2. Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы;

3. Қазақстанның 100 жаңа есімі;

4.Туған жер

 5.Жаңа гуманитарлық білім: Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық;

6.Жаһандану заманындағы қазақстандық мәдениет;

  1. Туған жер бағдарламасының мақсаты:
  1. Халықтың өмір сүру сапасын қанағаттандыру деңгейін көтеру
  2. Азаматтық белсенділік деңгейін көтеру

Туған жер бағдарламасы аясында 4 кішібағдарлама :

  1. «Тәрбие  және білім»

Тәрбие және білім кіші бағдарламасы аясында ауданда 3 жоба іске асырылады.

  1. Өлкетану
  2.  Отаным -тағдырым
  3. Саналы азамат
  1. «Атамекен» бағдарламасы бойынша 3 жоба іске асырылады:
  1. Азаматтық бастамалар картасы
  2. Азаматтық бақылау
  3. Жомарт жүрек

«Атамекен» бағдарламасы бойыншаауданда жеке кәсіпкерлердің қолдауымен млн теңгеге

  1. «Рухани қазына» бағдарламасы бойынша 4 жоба арқылы жүзеге асырылады:
  1. Өнегелік құндылықтар
  2. Туған өлке мәдениеті
  3. Тарихи - мәдени мұра
  4. Туризм

Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы бойынша ауданда «Ұзыната» кесенесі енгізілді.

  1. «Ақпарат толқыны» бағдарламасы бойынша басты бағыттар:
  1. Жергілікті БАҚ
  2. Интернет ресурс
  3. Әлеуметтік желі

Бағдарламада көрсетілген әр жобаны  іске асырудың көлемі мен қажеттілігіне қарай мерзімдері белгіленген. 

  1. » бағдарламасы бойынша  ауданда оқушыларды өлке тарихын зерделеуге  ынтыландыру бағытында іс-шаралар өткізілсе, оқушыларымыздың Астана қаласына ЭКСПО халықаралық көрмесіне баруы ұйымдастырылды. Сонымен қатар, орта мектептердің тарихымен таныстыру, танымал түлектерімен кездесулер ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Оңтүстік таланттары, «Туған жер-2017»  байқауы  өткізілді.
  1. бағдарламасы бойынша  ауданда жеке кәсіпкерлердің қолдауымен 143 млн. 385 мың  теңгеге  әлеуметтік нысандар ретке келтірілді.

2018 жылы Шардара қаласындағы Өтеғұл елді мекенінде 100 орындық, Көксу ауылдық округінде 120 орындық мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі бойынша балабақша ашылу жоспарлануда. Сонымен қатар, Өтеғұл елдімекеніндежеке кәсіпкер Н.Сыздықов жекеменшік100 орындық балабақша салынуда.

3.«Рухани қазына» бағдарламасы бойынша Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы бойынша ауданда «Ұзыната» кесенесі енгізілді.

Туған өлкеге деген сүйіспеншілікпен ұлттық құндылықтарды қадірлеу, патриоттық сезімдерін ояту мақсатында ауданда 8 тақырыппен іс-шаралар өткізілді.

4.«Ақпарат толқыны» бағдарламасы бойынша басты бағыттар:

Ақпарат толқыны бағдарламасы бойынша  жергілікіт БАҚ-да  36 мақала және әлеуметтік желілерде 96  мақала жарияланды. «Қазақстан-Шымкент» телеарнасында 17 көрсетілім көрсетілді.


     

    ЖАРИЯЛАНҒАН: 
    29.03.2017-12:00:00
    ЖАҢАРТЫЛҒАНЫ: 
    26.12.2017-12:00:00