ШАРДАРА АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ 2017 ЖЫЛДЫҢ 7 АЙЛЫҒЫНДА АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ

Версия для печати

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бойынша 2017 жылдың 7 айына атқарылған жұмыстар есебі

     Шардара аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде  негізінен 3 мекеме жұмыс жасайды. Оның ішінде 1 аудандық  мәдениет сарайы және оған қарасты 9 ауылдық мәдениет үйлері, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты 16 кітапхана, тілдерді оқыту және дамыту орталығы.  Өздеріңізге белгілі, жоғарыда  айтылған мекемелердің барлығы дерлік аудан тұрғындарын мәдени ағарту жұмыстарына тарту сондай-ақ  жасөспірімдермен,  жастармен жұмыс жүргізеді.

         Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне 2017 жылдың 7 айына жалпы: 116 776,0  теңге қаржы қаралып, игерілді. Оның ішінде бөлімге 11773,0 теңге, аудандық мәдениет сарайына 58897,0 теңге, кітапханаға 37565,0 теңге, тілдерді джамыту орталығына 8541,0 теңге қаржы бөлінген.

          Аудандық мәдениет сарайы, ауылдық мәдениет үйлерінде барлығы 85 мәдени – ағарту қызметкерлерімен техникалық қызметкерлер бар. Олардың 52 шығармашылық, 33 техникалық қызметкерлер.  Жыл басынан бері 7 айлық есептілікте  353  мәдени іс-шара өткізіліп, барлығы: 144982  адам қатысты. Оның ішінде аудандық мәдениет сарайы бойынша 82 іс-шара, көрермендер саны 66996 адам, ауылдық мәдениет үйлері бойынша 271 іс-шара өткізіліп, 79986 адам қатысты. Жоспарға сәйкес, атаулы, мерекелі күндерге арналған іс-шаралар тұрақты өз деңгейінде өткізілді. 

          Жас әнші Баян Тасболат 2017 жылдың ақпан айында өткен облыстық  «Арай-2017» іс-шара жүргізушілерімен жас эстрада әншілерінің облыстық байқауында дипломант, мамыр айында өткен батагөй қариялардың  облыстық  байқауында аудандық мәдениет сарайының қызметкері  А.Айдаров 1 орынды  иеленді. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандардың «Үкілі  үміт» атты облыстық  байқауында А.Өтеген ән жанры бойынша бас жүлде, А. Жусип би жанры бойынша жүлделі ІІ орынды иеленді. Барлық өткізілген  іс-шараларға қатысушылардың  50 пайызы, яғни  54541-і  жастар мен жасөспірімдер. Бөлімнің бекітілетін жылдық іс-шара жоспары дерлік ауданымыздың тұрғындарын соңың ішінде жастары мен жасөспірімдерін өнерге баулып, мәдени іс-шараға қамту болып саналады. Барлық іс-шаралар аудан жастарын тарта отырып, жүргізілуде.    Мәдениет сарайы мен ауылдық мәдениет үйлерінің жанынан жасөспірімдердің өнерлерін ұштау, болашақ өмірге баулу мақсатында барлығы: 46 әр- түрлі үйірмелер ашылып, жұмыс жасауда. Қазіргі таңда тұрақты түрде домбыра, би, хор, әзіл-сықақ және драма, қолөнер шеберлерінің үйірмелерінде ауданның 1150  жастары мен жасөспірімдері бар.

            2017 жылға ақылы қызметтің жылдық жоспары  2205,0 мың теңге болып бекітілген. Қазіргі таңда 7 айлықтың қорытындысы бойынша  жоспар  850, 0 мың теңге болса, 850,0 мың  теңге  қаржы түсті. Осы таңға дейін аудандағы  барлық мәдениет нысандары Республикалық, облыстық, аудандық бюджеттерден бөлінген 504 млн. қаражатқа ағымдағы және күрделі жөндеулерден өткен және осы бөлінген қаражаттың ішінде 2014 жылы мәдениет үйі жоқ Сүткент ауылдық округіне облыстық бюджет есебінен 163 612,0 мың   теңге қаржы бөлініп, мәдениет үйі ғимаратының  құрылысы жүргізіліп,  2014  жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілді. Сондай-ақ жергілікті бюджеттен  2016 жылы 3500,0 мың теңге

қаржы бөлініп, аудандық мәдениет сарайының күрделі жөнделуіне ЖСҚ дайындалды. Жобалық сметалық құжатпен бірге келетін сараптау қорытындысы 2017 жылдың 28 сәуірінде дайын болып, күрделі жөндеуге қаржы сұрау мақсатында аудандық экономика және қаржы бөліміне құжаттар жиынтығы тапсырылды нәтижесінде маусым айында жергілікті бюджеттен 73,5 млн. қаржы қаралып,күрделі жөндеу жұмыстарына «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы негізінде жұмыстар атқарылуда және мәдени іс-шараларды дамыту мақсатында ЛЕД экран алуға жергілікті бюджеттен 6,9 млн. теңге қаржы қаралды.

Мәдениет үйлерін материалдық техникалық қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылы  9500,0 мың теңге қаржы бөлініп, барлық мәдениет нысандары музыкалық аппаратуралармен қамтамасыз етілді.

       Аудандағы ауылдық окруктардағы барлық 9 ауылдық мәдениет үйлері 2016 жылдың шілде айына дейін ауыл округі  әкімдерінің   теңгерімдерінде болған. Аудан әкімдігінің 2016 жылдың 05 шілдесіндегі №271 қаулысымен  барлық мәдениет үйлері бөлімге қарасты аудандық мәдениет сарайының  теңгеріміне өткізілді. Сол уақыттан бастап, бөлім тарапынан ауылдық мәдениет үйлерінің құжаттары жинақталып, (заңға сәйкестендіріп) 2016 жылдың қазан айының ішінде толығымен аудандық әділет басқармасына «Халыққа қызмет көрсету орталығы» арқылы мемлекеттік тіркелімге алынды. 

    Кітапханалар   бойынша

      Кесте түрінде: 2017 жылдың 7 айындағы кітапхананың сандық көрсеткіштері.

                                                             ОКЖ                   Ауылдық

 

         -    Кітапханалар саны               - 16                           12

         -    Кітап қорлары                        -  354651                  161552      

  • оның ішінде қазақ тілінде        -  184583                   96088
  • орыс тілінде                             -  169986                   65409
  • ағылшын тілінде                                 -  39                         20
  • өзбек тілінде                            -   31                             26
  • ұйғыр тілінде                          -  12                                       9
  • оқырмандар саны                   -  11142                      5456
  • кітаптар берілімі                             -   190822                    108889

         -  келушілер саны                     -   95424                      54453

              Кітапханада  атқарылған  мәдени  көпшілік іс-шаралар

 Кітапхана жұмысын жандандыруда, тұрғындарға кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетуді жақсартып, оқырмандарды кітапханаға көптеп тарту бағытында кітапхана ісі бойынша жан-жақты жарнамалау жұмыстары жүргізілуде. 2017 жылдың 7 айлығында жүйе бойынша барлығы: 1249  мәдени көпшілік ісшаралар ұйымдастырылды.

Орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі өзінің ақпараттық стратегиясы бойынша жаңа  ақпараттық технологияларды пайдаланып,

жаңа жобалар, бағдарламалар мен жұмыстың жаңа тәсілдерін, түрлерін енгізу  арқылы  оқырмандардың  сұранысын  қанағаттандырып, жаңашылдық  бағыттағы дамудың жаңа белесіне көтерілуде.  Шардара «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 16 кітапхана халыққа қызмет көрсетеді. Барлық кітапханалар ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан. 

Жүйенің кітап қоры туралы

 Қазіргі таңда кітап қоры отандық, өлкелік және шетел басылымдарының әдебиеттерімен білім салалары бойынша қамтылып, толықтырылған. Кітап қорының құрамында кітаптар, мерзімді басылымдар, электронды басылымдар және брошюралар бар.

Кітап қоры облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға, облыстық бюджеттен тыс мемлекеттік тапсырыспен, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында шығарылған әдебиеттермен,жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға және басқа да түсу көздері арқылы келген әдебиеттермен толықтырылады.

Кітапханада оқырмандар электронды, алфавиттік, жүйелік, өлкетану каталогтары мен мерзімді басылымдар картотекасы бар.

Қазіргі таңда жүйе бойынша кітап қоры 353016 дана, оның ішінде мемлекеттік тілде 183077 дана.

 Тілдерді оқыту және дамыту бойынша

Тілдерді оқыту және дамыту бойынша Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңын, Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және «Тілдердің үштұғырлылығы» атты мәдени жобаны кезең-кезеңімен іске асыру мақсатында орталықта төмендегідей  жұмыстар атқарылды.
І. Оқу – ұйымдастыру жұмыстары

Тілдерді меңгеру іс- шаралар жоспарының орындалуы бойынша бөлім, орталық мекемелерімен меморандум түзіліп, жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Оқыту курстары қазақ тілі  ҚАЗТЕСТ жүйесі негізінде ал, орыс және ағылшын тілдері үш деңгейге негізделген бастауыш, жалғастырушы, тереңдетілген топтарда мемлекеттік стандартқа негізделген бағдарламалар бойынша оқытылады.
Оқыту саласы бойынша «Тілдердің үштұғырлығына» байланысты орталықта үш тілді оқытуға арнайы сабақ кестесі құрылып, сабақ жүйелі түрде жүргізілуде. Жалпы үш тілден:

7 айлықта  191 тыңдаушы тіл меңгеріп, 103 тыңдаушыға сертификат табысталды.

Атап айтсақ:

Қазақ тілінен  70 тыңдаушы тіл меңгеруде, оның ішінде – 8 мемлекеттік қызметкер, 8 өзге  ұлттар өкілі, яғни 54 тыңдаушы бюджет саласында жұмыс жасайтындар.

Орыс тілінен  59 тыңдаушы тіл меңгеруде, оның ішінде - 29 мемлекеттік қызметкер, 30 тыңдаушы бюджет саласында қызмет жасайтындар.
Ағылшын тілінен  62 тыңдаушы оқып, оның ішінде- 10 тыңдаушы  курс аяқтап, деңгей (бастауыш) бойынша сертификат берілді.

ІІ. «Қазтест» жүйесі бойынша жұмыстары

Қазақстан  Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымындағы №110 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың  2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» Республикада мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі «ҚАЗТЕСТ» тапсырудың нәтижесі бойынша 2014 жылға қарай – 20%, 2017 жылға қарай – 80%, 2020 жылға қарай – 95%-ға  жеткізу жоспарланған болатын. Осы тапсырманы орындау мақсатында, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналддық мемлекеттік мекемесі ұйымдастыруымен 2017 жылдың  ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша бірінші кезеңде  диагностикалық тестілеуден өту мақсатында аудан көлемінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілер арасында бекітілген кестеге сәйкес, 563 қызметшілердің тізімі бекітіліп, 357 қызметкерден тест қабылданды.

ҚАЗТЕСТ жүйесі негізінде тыңдалым, оқылым және лексика- граматикалық бөлігі бойынша 150 тест тапсырмасына жауап беру ұсынылды.Тест жабық түрдегі  тест тапсырмаларынан құралған, яғни ұсынылған төрт жауап нұсқасынан бір ғана дұрыс жауабын табу түріндегі (электронды) тест тапсырмалары берілді. Жүйе бойынша бес деңгей (А1, А2,В1,В2,С1) нәтижесі анықталды.

ІІІ.  Өткізілген іс – шаралар  бойынша

Жылдық жоспарды негізге ала отырып, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және оны дамыту, тіл мәдениетін көтеру, мемлекеттік тілді дамытуға өз үлесін қосу әр азаматтың ой-өрісінің кеңдігіне, туған жерге, туған тілге деген сүйіспеншілігін арттыруда, ана тіліміздің қадір-қасиеті мен құндылығын ұрпақтар бойына сіңіруде адамгершілікке, имандылыққа шақыруда барлығы: 7 мәдени көпшілік  іс-шаралар өткізілді. 

Алда орындалатын мақсаттар, міндеттер:  Жоғары деңгейде  облыстық, республикалық байқауларға қатысу,  барлық кітапханаларды жаңа кітаптармен толықтыру, кітапханаларды,  мәдениет үйлерін компьютерлік жабықтармен қамтамасыз етіп, толығымен интернет желісіне қосу. 2017 жылдың ІІ- жарты жылдығында республикалық деңгейде дәстүрлі әндер орындаушылардың байқауын өткізу.                    

             Бөлім басшысы                                Ш.Қапбаров


 

ЖАРИЯЛАНҒАН: 
31.08.2017-12:00:00