ҚОҒАМДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ТӨЗБЕУШІЛІК ЖӘНЕ ПАРАСАТТЫЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Версия для печати

     Қазіргі таңдағы мәселелердің бірі — қоғамдағы сыбайлас жемқорлық. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екені айқын.
     Осы тұрғыда жастар мен жасөспірімдерге Отанға деген махаббат және оны қорғау қажеттілігі, өзін қоршаған адамдар мен қазақстандық халықты құрметтеу, тәртіптілік, адалдық сияқты құндылықтарды сіңіру, рухани мәдениетін және олардың бойынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы «иммунитетті» қалыптастыру мақсатында 13 тамыз күні Қ.Тұрысбеков ауылдық округінде «Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз!» атты ашық есік күні мен Көксу ауылдық округінде жасөспірім балалардың қатысуымен «Мәдениет пен өркениет» атты кездесу өткізілді.

ЖАРИЯЛАНҒАН: 
14.08.2019