Шардара ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 17 тамыздағы «Шардара ауданында Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл

Версия для печати

МӘЛІМЕТ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауының тоғызыншы бағытына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі – Жолдаудың бес басым бағыты» атты жаппай аудандық мемлекеттік мекемелерде 2018 жыл қаңтар айында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, өткізілді.

Аудан әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның 2018 жылға бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, 2018 жылдың I, II, III және IV -тоқсан қорытындысы бойынша комиссия мәжілісі өткізіліп, аудандық ішкі саясат, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жоладыры, кәсіпкерлік, мәдениет және тілдерді дамыту, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, экономика және қаржы, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдері мен Алатау батыр, Сүткент, Достық ауылдық округтері әкімдері және аудандық орталық аурухананың атқарған жұмыстары жөнінде есептері тыңдалып, бірқатар нақты тапсырмалар беріліп, орындалуы бақылауға алынған.

Жеке және заңды тұлғаларға жер телімдерін беру үшін өткізілетін конкурс, аукциондарға қатысушылар санын арттыру үшін шаруа қожалықтарын тікелей хабардар ету бойынша әр ауылдық округтері әкімдері мен жер мамандарының қатысуымен 2018 жылдың мамыр айында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №151 Заңының талаптарымен ерекшеліктерін түсіндіру мақсатында іс–шара жоспарына сай, Заң нормаларын түсіндіру және насихаттау жұмыстары жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) оның ішінде электрондық түрде ұйымдастыру және өткізу қағидалары туралы» №290 бұйрығы басшылыққа алынған. Шардара ауданы бойынша жер телімін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты өткізу туралы хабарламалар облыстық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты жарияланып тұрады.

Шардара қаласы бойынша бүгінгі күні тұрғын үй салу үшін жер теліміне 5487 жеке тұлғалар кезекте тұр. Барлық азаматтар жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезектіліктің бірыңғай тізіліміне енгізілген. 2018 жылы азаматтардың тұрғын үй құрылысына жер бөлу туралы өтініштерін қанағаттандыру мақсатында, 343 азаматқа жер телімі берілді.

Азаматтарға тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін бөлу кезектілік арқылы жүргізіледі. Аудан бойынша Шардара қаласынан басқа ауылдық округтерде тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне кезектілік жоқ. Шардара ауданында жер қатынастары саласында, оның ішінде жер телімдерін бөлу барысындағы заңнамалар қатаң сақталған.

2018 жылы аудандық білім беру және спорт мекемелерінде жасөспірімдерді қатыстыра отырып, Шардара ауданынан шыққан қол күрес, гир, таеквондо, бокс, қазақ күресі, ауыр атлетикадан шыққан Әлем, Азия және Қазақстан чемпиондарымен 47 рет кездесу өткізілді.

Сонымен қоса, 2018 жылы азаматтардың құқықтық сауаттылығына арттыру бойынша аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында–202 мақала, кездесулер–22, пікір-сайыс–1, іс-шаралар–22 және бірыңғай сағат дәрісі–47 рет өткізілген.

2018 жылдың 12 айында сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында, «Мемлекеттік сатып алу» заңдылығының негізінде барлық мемлекеттік сатып алулар электронды портал арқылы жарияланып, анықталған жеңімпаздар өз жұмыстарын жүргізуде.

Мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың сатып алу процесіне қатысты шағымдары тіркелмеген.

Аудандағы мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында, барлық қала, ауылдық округ әкімі аппараттары мен дербес бөлімдерде құқықтық оқыту жүйесі қолға алынған. Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын түсіндіру бойынша арнайы құқықтық оқытулар өткізіліп тұрады.

Ағымдағы жылдың қаңтар, сәуір, маусым және тамыз айларында аудандағы мемлекеттік қызметкерлерді қатыстыра отырып, аудан әкімі аппаратының заң және персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімдерімен Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызметі туралы», «Әдеп кодексі» талаптарын түсіндіру мақсатында семинар-кеңестер өткізілді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің өткен жылдан бастау алған «Парасыз болашаққа. Бірге!» атты жобасын жалғастыру мақсатында, 2018 жылдың 15 наурыз күні облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ мүшелерімен бірлесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға қоғамды тарту бойынша аудандағы мемлекеттік мекемелерде, халық көп шоғырланатын орындарда 22 кездесулер өткізіп, сыбайлас жемқорлық атаулының қоғамға тигізер әсері мен жазалары жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған арнайы дайындалған үлгі бойынша 155 парақшалар таратылған.

Мемлекет басшысының биылғы Жолдауын орындау бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің «Адал жол-Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонын ауданда өткізу бойынша бекітілген жоспарға сәйкес, 2018 жылдың 2 – 13 сәуір аралығында ауданда түрлі деңгейде 42 тақырыптық кештер, дөңгелек үстелдер, семинарлар, жас шығармашыл жастардың сурет көрмесі, вело-авто шерулер, спорттық іс-шаралар мен сенбіліктер және қайырымдылық іс-шаралар өткізілді.

2018 жылдың 9 сәуір күні «Адал жол» марафоны аясында қоғамды мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына тарту, сыбайлас жемқорлық деңгейін анықтау мақсатында әлеуметтік сауалнамалар, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша парақшалар таратылды.

2018 жылдың 13 сәуір күні Шардара қаласының орталық стадионында марафонның қорытынды іс-шарасы өткізіліп, «Адал жол» кітабы Мақтарал ауданы әкімдігіне «Эстафета» түрінде тапсырылды.

Өткізілген іс-шаралар күнделікті әлеуметтік желілерде және жергілікті БАҚ-да жарияланды.

Аудандық ішкі саясат бөлімі және «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында, аудандағы жас мамандарды қатыстыра отырып 2018 жылдың 28 мамыр күні Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының «Сыбайлас жемқорлықсыз құқықтық мемлекет» атты 4-реформасын түсіндіру бойынша жиналыс өткізілді.

Аудан әкімдігінің ресми сайтында арнайы ашылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы айдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған жұмыстар жөніндегі ақпараттармен жаңартылып тұрады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі тарапынан дайындалған жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтауға және нығайтуға бағытталған аудиороликтер 2018 жылдың ақпан айында ауданның ресми сайтына орналастырылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарды сыртқы жарнама құралдары арқылы насихаттау бойынша ауылдық округтерде – 10, Шардара қаласында 2 билборд орналастырылған және ағымдағы жылдың 20 қыркүйек күні қала, ауылдық округ әкімдеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат құралдарын көбейту жөнінде ұсыныс берілді.

Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қолдау мақсатында жергілікті БАҚ-да жарық көрген мақалаларға ай сайын мониторинг жүргізіледі.

Бекітілген медиа-жоспарға сәйкес жалпы 2018 жылдың 12 айлық көрсеткішінде аудандық «Өскен өңір» газетінде 149, ал «Шартарап Шарайна» газетінде 53 мақалалар жарық көрген.

Жергілікті атқарушы органның мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа байланысты, сонымен қатар құқық бұзушылық әрекеттерін уақытылы хабарлау үшін мемлекеттік мекемелердің «Сенім телефон» нөмерлері бар хабарламалары аудандық «Өскен өңір» газетінде тұрақты жариялануда.

Ауданда Қазақстан Республикасының Заң талаптарын бұзып, сыбайластыққа жол беріп, тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілер жоқ.

2018 жылдың 12 айында мемлекеттік қызметшілерге қатысты сыбайлас жемқорлыққа байланысты ақпараттар бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланбаған.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатындағы жұмыстар тиісті деңгейде ұйымдастырылып, ҚРМҚІжСЖҚІҚА-нің Түркістан облысы бойынша департаменті тарапынан бастау алған «Адал жол» марафонында Түркістан облысы бойынша Шардара ауданы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарды жоғары дәрежеде ұйымдастырғаны үшін «Ең үздік аудан» атағына ие болды.