Шардара ауданында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы

Версия для печати

Шардара қаласы бойынша 2019 жылдың бүгінгі күніне дейін тұрғын үй салу үшін жер теліміне жалпы 5632 жеке тұлғалар кезекке тұрған. Барлық азаматтар жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезектіліктің бірыңғай тізіліміне енгізілген. 2018 жылы азаматтардың тұрғын үй құрылысына жер бөлу туралы өтініштерін қанағаттандыру мақсатында, 343 азаматқа жер телімі берілді. Азаматтарға тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін бөлу кезектілік арқылы жүргізіледі. Аудан бойынша Шардара қаласынан басқа ауылдық округтерде тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне кезектілік жоқ. Шардара ауданында жер қатынастары саласында, оның ішінде жер телімдерін бөлу барысындағы заңнамалар қатаң сақталған.

Шардара ауданы әкімі аппаратында дербес бөлім, қала, ауыл әкімі аппараттары қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында, құқықтық оқыту жүйесі қолға алынған.

2019 жылдың 3 айында 3 рет аудандағы мемлекеттік қызметкерлерді қатыстыра отырып, мүдделер қақтығысы мен этикалық бұзушылықтарды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы», «Әдеп кодексі», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Еңбек кодексі» талаптарын түсіндіру мақсатында семинар-кеңестер өткізілген. Өткізілген іс-шаралар барысында қатысушыларға арнайы дайындалған электрондық нұсқадағы әдістемелік құралдар тарқатылған.

Шардара ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның 2019 жылға бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес комиссия мәжілісі өткізіліп, аудандық ішкі саясат, экономика және қаржы бөлімдерінің атқарған жұмыстары жөнінде есептері тыңдалып, бірқатар нақты тапсырмалар беріліп, орындалуы бақылауға алынған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша шығармашылық дамыту, патриоттық тәрбие және азаматтық қоғамды нығайту саласындағы әлеуметтік жобаларды іске асыруға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаражатының жалпы көлемінен кем дегенде 5 %, яғни 350 мың теңге бөлінді. Алдағы уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуына мониторинг жүргізілетін болады.

Шардара ауданында орналасқан 30 білім беру ұйымы басшылары оқушылардың ата-аналарының және ұжымның алдында, оның ішінде орта білім беру ұйымдарын ұстау үшін бюджеттен бөлінген қаржы қаражатының жұмсалуы жөнінде есеп беру кездесулерін 2018 жылдың қазан айында өткізді. Есеп беру кездесулеріне аудандық білім бөлімінің бас үнемдеуші мен бас бухгалтері мен мектеп директорлары жауапты болып бекітілген.

Шардара аудандық білім бөлімі және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-мен бірлесіп бекітілген іс-шара жоспары аясында, аудандық білім беру ұйымдарының (23 жалпы орта мектеп) 9-11 сынып оқушылары арасында жастар ұйымдарын тарта отырып, тоқсан сайын тәрбие сағаты есебінен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша ашық сабақтар өткізілуде.

2019 жылы сыбайлас жемқорлық деңгейін анықтау бойынша әлеуметтік сауалнамалар жүргізу кестесі аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиевпен мамыр айында бекітілген. Сыбайлас жемқорлық деңгейін анықтау бойынша жүргізілген сауалнама қорытындылары талқыланып, тиісті мекемелерге жолданатын болады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі ұсынысы негізінде ауданда Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жүргізу мақсатында құрылған арнайы мониторингтік топ тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуына қолдау көрсетілуде.

Аудан әкімдігінің ресми сайтында және жергілікті БАҚ-да «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» арнайы айдар ашылған. Осы сайтта және жергілікті БАҚ-да Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі есептер, кездесулер және өткізілген іс-шаралар барысы туралы тұрақты жариялануда.

Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде аудандағы еңбек қатынастарына талдау жүргізу үшін арнайы маман бекітілген. 2018 жыл мен 2019 жылдың 3 айында ауданында еңбек заңнамасын бұзып, жұмыс берушілер тарапынан қызметкерлермен екі жақты еңбек шартын жасаспай еңбегін пайдалану бойынша заң бұзушылықтар тіркелмеген.

Бюджетті қалыптастыруға қатысушылардың жауапкершілігі толық бақылауға алынып, бюджетті қалыптастыру кезінде қатысушылар тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы бұзылмаған және тәртіптік жауапкершілікке тартылмаған. Алдағы уақытта, бюджетті қалыптастыруға қатысушылар тарапынан заң бұзушылықтар орын алған жағдайда жауапкершілікке тарту және аражігін ажырату бойынша ұсыныстар енгізілетін болады.

Квазимемлекеттік сектордың ашықтығын арттыру мақсатында тауарды немесе көрсетілетін қызметтер, баға туралы ақпарат, сондай-ақ өндіруші туралы ақпараттар мемлекеттік сатып алу веб порталында толық жариялануы қамтамасыз етілген.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі тарапынан дайындалған сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтауға және нығайтуға бағытталған. Сондай-ақ, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 5 видеоролик Шардара ауданы әкімдігінің ресми сайтында жарияланған.

Аудан әкімімен бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-жоспарға сәйкес, қала ауыл әкімдерінің, дербес бөлім, мекеме басшыларының жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында 2019 жылдың 3 айында 9 авторлық мақалалары жарияланды.

Қала және ауылдық округтерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған 12 ақпараттық билбордтар орнатылған. Сонымен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысында қала, ауылдық округ әкімдеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат құралдарын көбейту жөнінде ұсыныс берілді.

Жергілікті атқарушы органның мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа байланысты, сонымен қатар құқық бұзушылық әрекеттерін уақытылы хабарлау үшін мемлекеттік мекемелердің «Сенім телефон» нөмерлері бар хабарламалары аудандық «Өскен өңір» газетінде тұрақты жариялануда.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу, халықты ақпараттандыру мақсатында қала, ауылдық округ тұрғындарына коммуналдық төлем түбіртектері (екінші бетінде) арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефон нөмірі бар ақпараттық жадынамалар таратылды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8-бабы 5-тармағына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, Шардара ауданы әкімінің 2019 жылғы 7 наурыздағы «Жұмыс тобын құру туралы» №2-21ө өкімімен жұмысшы топ құрылып, 2019 жылдың әр тоқсан қорытындысы бойынша яғни, 1-19 сәуір, 17-28 маусым, 16-27 қыркүйек және 18-29 қараша аралықтарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу мақсатында ішкі талдауға жататын аудандық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың іс-құжаттарына зерделеу жүргізілетін болады.