ШАРДАРА АУДАНЫНДА «АДАЛ ЖОЛДЫ ТАҢДАЙМЫЗ!» АТТЫ ЖАСТАР МАРАФОН-ЭСТАФЕТАСЫ БАСТАУ АЛДЫ

Версия для печати

     Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен қолға алынған жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жолды таңдаймыз!» облыстық марафон эстафетасының туын 2019 жылғы 17 шілде күні Төле би ауданынан Шардара ауданы қабылдап алып, 18 шілде күні Шардара қаласы «Абай»алаңында аудан жастарының қатысуымен «Адал жолды таңдаймыз!» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы мониторинг топ, лекторлық топ мүшелері жəне Шардара қаласының жастары қатысты. Аталған іс-шара барысында аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев іс-шараның маңыздылығына тоқтала келе, жастарға сыбайлас жемқорлықтан бойларын аулақ ұстауға шақырды. Шара барысында «Адал жолды таңдаймыз!» облыстық марафон эстафетасын қолдау мақсатында флешмоб ұйымдастырылып, 500-ге жуық жас қамтылды.

ЖАРИЯЛАНҒАН: 
25.07.2019