ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Версия для печати

Хабарландыру!

Құрметті Шардара ауданының  тұрғындары! Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Түбіртек талап ет – жүлде ұтып ал» акциясы өз жалғасынын алғанын хабарлайды.

Акция «Wipon» қосымшасы арқылы жүргізіледі.

Қосымшаны Apple App store және Google Play market арқылы көшіріп алуға болады.

Акция 2019 жылдың 30-қарашасына дейін ойнатылады.

Акцияға онлайн-БКМ фискалды чегінің деректерін жіберу жолымен тауардың, жұмыстың немесе қызметтің тұтынғанын растаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. 

Чекті жібергеннен кейін қатысушы 5 000 теңгеге дейінгі қаражатты бірден телефон теңгеріміне алу мүмкіндігін алады. Жедел сыйлықтардың жүлде қоры 3 000 000 теңгені құрайды. Барлық жіберілген чектер акцияның бас жүлдесі - автокөлік ұтыс ойынына қатысады.

Акцияға қатысу үшін түбіртек деректерін қолмен енгізіп немесе түбіртектін QR-кодын сканерлеп жіберу керек.

Түбіртекте фискалды белгісі (ФБ, фискалды чек және т.б.), түбіртектін күні мен уақыты, сомасы және МКК БКК коды болу қажет.

Акцияға қатысатын түбіртектер саны, сонымен қатар қатысушылардың өздерімен шектелмейді.

Сонымен қатар, фискалды чек берілмеген жағдайда, азаматтар бұл бұзушылықтарға видео арқылы шағым жасауға мүмкіндіктері бар.

Барлық тұрғындарды акцияға белсенді қатысуға шақырамыз және сәттілік тілейміз!

ЖАРИЯЛАНҒАН: 
11.10.2019 ж.