ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТАРЫНЫҢ ДАМУ СТРАТЕГИЯ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Версия для печати

ЖОБА БАСТАМАШЫСЫ

Индустриялық аймақтардың «TURKISTAN» басқарушы компаниясы 2014 жылдың желтоқсан айының 24 күнгі Жарғысы негізінде әрекет етеді.

ЖОБА МАҚСАТЫ

Миссиясы– Түркістан облысының жан жақты және тиімді дамуы.

Мақсаты – Аумақтардың әлеуетті мүмкіндіктерін пайдалану тиімділігін арттыру,еңбек жағдайларын жақсарту, Түркістан облысының индустриялық аймақтары аумағында өндірістік күштерді орналастыруға кешенді тәсілді іске асыру арқылы халықтың жұмыспен қамтылу деңгейі мен өмір сүру сапасын арттыру. 

Міндеті – Еңбек өнімділігі жоғары экспортқа бағдарланған инновациялық жобаларды іріктеу ережелерін айқындай отырып, Түркістан облысының индустриялық аймақтарын дамыту стратегиясының тұжырымдамасы.

Міндеттердіңнегізгікөрсеткіштері:

  • Түркістан облысының өнеркәсіптік әлеуетін, жер, табиғи және еңбек ресурстарын ұтымды пайдалану;
  • өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының теңгерімділігін, тепе-теңдігін және кешенділігін қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік-жеке меншік әріптестік институтын дамыту;
  • инвестициялық қызмет шарттарының тұрақтылығын қамтамасыз ету;
  • бірыңғай аумақты құрайтын және бірыңғай инфрақұрылыммен байланысты жер учаскелерін кешенді пайдалану.
ЖАРИЯЛАНҒАН: 
18.10.2019 ж.