Сайлау 2019 ж.

Версия для печати

Республика Президенттiгiне кандидатқа қойылатын талаптар

      1. Президент болып сайлану үшiн азамат Конституцияның 41-бабының 2-тармағында белгiленген талаптарды қанағаттандыруға, мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда кемінде 5 жылды құрайтын жұмыс тәжірибесі болуға, сондай-ақ Конституцияның 33-бабының 2 және 3-тармақтарына және осы Конституциялық заңға сәйкес белсендi сайлау құқығына ие болуға тиiс.

      2. Президенттiкке кандидатқа Конституцияда және осы Конституциялық заңда қойылатын талаптарға оның сәйкестiгiн Орталық сайлау комиссиясы республикалық қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органы отырысының кандидатты ұсыну туралы хаттамасынан үзiндi көшірме кандидаттың дауысқа түсуге келiсiм беруi туралы өтiнiшiмен және кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжатпен бірге ұсынылған кезден бастап бес күн iшiнде анықтайды.

      Президенттiкке кандидат Орталық сайлау комиссиясының шотына заңнамада белгіленген ең төмен жалақының елу еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді. Егер сайлау қорытындысы бойынша кандидат Республика Президенті болып сайланса немесе дауыс беру қорытындысы бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының кемінде бес пайызын алса, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда, енгізілген жарна кандидатқа қайтарылады. Қалған жағдайлардың бәрінде енгізілген жарна қайтарылуға жатпайды және республикалық бюджет кірісіне алынады.

      Бұл ретте Президенттiкке кандидаттың Қазақстан Республикасында соңғы он бес жыл тұрып жатқандығын Орталық сайлау комиссиясы анықтайды, ал кандидаттың мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгергенiн анықтау рәсімі Республика Конституциялық Кеңесінің Конституцияның 41-бабының 2-тармағын ресми түсiндiру туралы шешіміне сәйкес Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен айқындалады.

      Кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергенін анықтау рәсімі кандидатурасы өкілеттіктердің келесі мерзіміне қайта ұсынылған, жұмыс істеп жүрген Республика Президентіне қолданылмайды.

 

Республика Президенттiгiне кандидаттар ұсыну

      1. Президенттiкке кандидаттарды ұсыну құқығы белгiленген тәртiппен тiркелген республикалық қоғамдық бiрлестiктерге тиесілі болады.

      2. Президенттiкке кандидаттар ұсыну сайлау жарияланған күннен кейінгі күні басталып, сайлауға екi ай қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

      3. Президенттiкке кандидаттарды қоғамдық бiрлестiктер атынан олардың жоғары органдары ұсынады. Қоғамдық бiрлестiктер осы қоғамдық бiрлестiктiң мүшесi болып табылмайтын адамдарды кандидаттыққа ұсынуға хақылы. Қоғамдық бiрлестiк Президенттiкке бiр ғана кандидат ұсынуға хақылы. Президенттiкке кандидат ұсыну туралы шешiм республикалық қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органы мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады да хаттамадан үзiндi жасалады. Республикалық қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органының шешiмi:

      1) Президенттiкке кандидатқа жеткiзiледi;

      2) Президенттiкке кандидаттың дауысқа түсуге келiсiм беруi туралы өтiнiшiмен қоса Орталық сайлау комиссиясына тапсырылады.

      4. Алып тасталды - ҚР 15.06.2017 № 75-VI Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      5. Егер кандидаттарды тiркеу мерзімі аяқталатын күні Президенттікке екіден кем кандидат тiркелген жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну мерзiмiн жиырма күннен аспайтын мерзiмге ұзартады.

      Ескерту. 55-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545, 2005.04.15 N 44; 15.06.2017 № 75-VI(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 29.06.2018 № 162-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.

 

Республика Президенттiгiне кандидаттың сайлау қорының мөлшерi

      Кандидаттың сайлау қорын:

      1) жалпы сомасы заңнамада белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнен он екі мың еседен артық аспауға тиiс кандидаттың өз қаражаты, кандидатқа өзін ұсынған республикалық қоғамдық бірлестік бөлген қаражат;

      2) жалпы сомасы заңнамада белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнен он бес мың еседен артық аспауға тиiс Республика азаматтары мен ұйымдарының ерікті қайырмалдықтары құрайды.

      Ескерту. 58-бап жаңа редакцияда - ҚР 15.06.2017 № 75-VI Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
 

Республика Президенттiгiне кандидаттарды тiркеу

      1. Президенттiкке кандидаттарды тiркеудi Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-тармақтың бірінші бөлігінің бұл редакциясы осы Конституциялық заңның 133-бабына сәйкес 01.01.2020 дейін қолданыстаболады.
 

      2. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) тiркеуге дейін тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзімі басталатын айдың бiрiнші күніне салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгiлеген тәртіппен және нысанда кірістері мен мүлкi туралы декларациялар ұсынады.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-тармақтың екінші бөлігінің бұл редакциясы осы Конституциялық заңның 133-бабына сәйкес 01.01.2020 дейін қолданыстаболады.
 

      Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері мен мүлкi туралы мәлiметтердiң анықтығын мемлекеттік кіріс органдары кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішiнде тексереді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-тармақтың үшінші бөлігінің бұл редакциясы осы Конституциялық заңның 133-бабына сәйкес 01.01.2020 дейін қолданыстаболады.
 

      Бұл ретте кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкi туралы мәліметтер ұсыну жөніндегі мемлекеттік кіріс органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн iшiнде ұсынуға міндетті.

      Осы Конституциялық заңның мақсаты үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда көрсетілуге жататын мәліметтер активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтер болып табылады.

      2-1. Президенттiкке кандидаттың Республика Президентінің міндеттерін атқаруға кедергі келтіретін ауруларының жоқ екендігін растау үшін оған медициналық куәландыру жүргізіледі, оның қорытындысы денсаулығының жай-күйі туралы тиісті медициналық қорытындымен ресімделеді.

      Медициналық қорытындыға қойылатын талаптар мен Республика Президенттігіне кандидат болып тіркелуге кедергі келтіретін аурулардың тізбесі Орталық сайлау комиссиясы мен денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      3. Президенттiкке кандидаттар нешеу болса да тiркеуге ұсынылады.

      4. Президенттiкке кандидаттарды тiркеу, егер сайлауды тағайындау кезiнде өзгеше көзделмесе, сайлауға дейiн екi ай бұрын басталады және сайлауға қырық күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

      5. Қоғамдық ұйымнан Президенттiкке кандидаттарды тiркеу мынадай құжаттар болған жағдайда жүзеге асырылады:

      1) қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органының Президенттiкке кандидат ұсыну жөнiндегi мәжiлiсiнiң осы қоғамдық бiрлестiктi Республиканың Әдiлет министрлiгiнде тiркеу туралы құжаттың көшiрмесi қоса тiркелген хаттаманың үзiндiсi;

      2) Президенттiкке кандидат болып дауысқа түсуге келiсiм беру жөнiндегi өтiнiш;

      3) азаматтардың кандидатты қолдап жиналған қолдарын тексерудiң нәтижесi туралы аумақтық сайлау комиссиясының хаттамалары;

      4) кандидаттың өмiрбаяндық деректерi;

      4-1) алып тасталды - ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      4-2) тармақшаның бұл редакциясы осы Конституциялық заңның 133-бабына сәйкес 01.01.2020 дейін қолданыста болады.
 

      4-2) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) кірістері мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;

      5) кандидаттың сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжат;

      6) денсаулығының жай-күйі туралы медициналық қорытынды.

      6. Алып тасталды - ҚР 15.06.2017 № 75-VI Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
 

      7. Орталық сайлау комиссиясы:

      1) Президенттiкке кандидаттарды тiркегеннен кейiн жетi күннен кешiктiрмей бұқаралық ақпарат құралдарында әрбiр кандидаттың тегiн, аты мен әкесiнiң атын, туған жылын, атқаратын қызметiн (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерiн көрсетiп, сондай-ақ кандидаттың қалауына қарай оның қоғамдық бiрлестiкке қатыстылығы мен ұлты туралы мәлiметтердi жариялайды;

      2) тiркелген кезде кандидаттарға тиiстi куәлiк бередi;

      3) мынадай жағдайда:

      кандидат ұсыну ережелерiн бұзған, тiркеу үшін қажетті құжаттарды табыс етпеген;

      кандидат Конституцияда және осы Конституциялық заңда оған қойылатын талаптарға сәйкес келмеген;

      кандидат өзiнiң сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызмет жағдайын пайдаланған;

      кандидат кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталғанға дейiн, сайлау күні не соның алдындағы күнi сайлау алдындағы үгiт жүргiзген;

      сот кандидаттың және (немесе) оның сенiм бiлдiрiлген адамдарының басқа кандидаттың ар-намысы мен қадiр-қасиетіне нұқсан келтiретін, оның iскерлік беделiн түсiретiн жалған мәлiметтердi тарату фактiсiн анықтаған;

      сот кандидат пен оның сенiм бiлдiрілген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактiлерiн анықтаған;

      осы Конституциялық заңда белгiленген өзге де жағдайларда кандидатты тiркеуден бас тартады немесе тiркеу туралы шешiмнің күшiн жояды;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      3-1) тармақшаның бірінші бөлігінің бұл редакциясы осы Конституциялық заңның 133-бабына сәйкес 01.01.2020 дейін қолданыста болады.
 

      3-1) декларацияны тапсыру кезіне кандидат немесе оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері мен мүлкi туралы мәлiметтердің анық еместiгi анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.

      Дауыс беретiн күнге екі күн қалғанда кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшін жоюға немесе бұған дейiн тiркеуден шығарылған кандидатты қалпына келтіруге жол берілмейдi.

      8. Орталық сайлау комиссиясының Президенттiкке кандидатты тiркеуден бас тартуына немесе тiркеу жөнiндегi шешiмнiң күшiн жоюына кандидаттың жеке өзi не оны ұсынған қоғамдық бiрлестiк он күн iшiнде Жоғарғы Сотқа шағым беруi мүмкiн, ол шағымды берiлген күнiнен бастап он күн мерзiм iшiнде қарайды. Жоғарғы Соттың шешiмi түпкiлiктi болып табылады.

      Ескерту. 59-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 28.09.1995 № 2464 (қолданысқа енгізілу тәртібін 133-баптан қараңыз); 1998.05.08 N 222, 1999.05.06 N 375, 1999.06.28 N 407, 2004.04.14 N 545, 2005.04.15 N 44; 31.07.2015 № 340-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.11.2015 № 413-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 75-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 29.06.2018 № 162-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.