Аналар “Алтын алқа” тағынды

Версия для печати

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2019 жылғы 18 маусымдағы №26 Жарлығымен республикамыздағы көпбалалы аналардың бiрқатарына “Алтын алқа” және “Күмiс алқа” наградалары берiлдi. Олардың қатарында бiздiң ауданымыздан Андыз Қадырова, Базаркүл Сансызбаева “Алтын алқа”, Гүлмира Мықтыбекова, Лаура Ракишева, Сәуле Тобақабылова “Күмiс алқа” марапаттарына ие болды.
Аудан әкiмi Қайрат Жолдыбайұлы ардақты аналарды қабылдап, оларға марапаттарды салтанатты жағдайда табыс еттi. Олардың ұл-қыз өсiрiп, елiмiздiң демографиялық жағдайына өзiндiк үлес қосқандығын айта келiп, отбасыларына амандық, саулық тiледi. Өз кезегiнде марапатталғандар атынан сөз алған “Алтын алқа” иегерi Андыз Қадырова елiмiзде аналарға көрсетiлiп отырған осындай құрмет үшiн Мемлекет басшысына деген алғыс сезiмiн бiлдiрдi.

ЖАРИЯЛАНҒАН: 
25.07.2019