Жол мәселесі

Версия для печати

2019 жылғы 9 сәуір күні «Otyrar.kz» ақпараттық порталында «Трасса Сарыагаш-Шардара: испытание для водителей с железными нервами» тақырыбындағы жарияланған сыни материалы бойынша төмендегіні хабарлаймыз:

«Otyrar.kz» ақпараттық порталында жарияланған көрсетілімдегі автомобиль жолы республикалық маңыздағы «Сарыағаш-Жетісай» автомобиль жолы болып саналады. Аталған автомобиль жолы Шардара ауданына қатысы жоқ.

Бүгінгі таңда Шардара ауданын Келес ауданымен қосатын облыстық маңыздағы автомобиль жолының жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған автомобиль жолының 21 шақырымын жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 632,4 млн. теңге қаржы бөлінген.

Қазіргі уақытта аталған автомобиль жолының 14 шақырымы жөндеу жұмыстарынан өткізілді.

 

Шардара ауданының баспасөз қызметі

РАЗМЕЩЕНО: 
09.04.2019