Ұлттық баяндама талқыланды

Версия для печати

2019 жылдың 25 сәуір күні Шардара ауданы активінде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, қала, ауыл әкімдері мен дербес бөлім, мекеме басшыларының, маслихат депутаттары, мектеп директорларының, аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы мониторинг топ, «Түркістан – адалдық алаңы» аяында құрылған лекторлық тобы мүшелерінің және «Адалдық елшілерінің», аудан жастарының қатысуымен 2018 жылғы қорытындысы бойынша  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндамасын талқылау мәжілісі өткізілді.

Ұлттық баяндамада 2018 жыл қорытындысы бойынша Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын іске асырудың тиімділігі мен нәтижелігіне кешенді талдау және оны жетілдіру бойынша құқықтық және ұйымдастырушылық ұсыныстары қамтылғаны жөнінде «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы төрағасының орынбасары, арнайы мониторинг топ мүшесі  Е.Қарымсақов өз пікірімен бөлісті.

Сондай ақ, «Жас Отан» жастар қанатының аудандық бөлімше басшысы, «Түркістан – адалдық алаңы» кеңсесі аясында құрылған  Шардара аудандық «Адалдық елшісі» Н.Ділдәбеков  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұлттық баяндамасында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының даму кезеңдері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда қоғамның рөлі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен заңнаманы дамыту перспективалары мен үрдістері, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі шаралар көрініс тапқанын атап, елімізде сыбайлас жемқорлық деңгейін барынша азайту үшін қоғам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың, сондай-ақ, қоғамдық бақылаудың маңыздылығын атай келе, одан әрі жұмысты жандандыру керектігін атап өтті.

 

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

ЖАРИЯЛАНҒАН: 
26.04.2019