ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ

Версия для печати

Хабарландыру

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысындағы Әдеп жөніндегі Кеңестің (бұдан әрі – Кеңес) 2019 жылғы 16 қаңтардағы шешімімен  Кеңес  мүшелерінің азаматтарды жеке қабылдау кестесі түзілген.

Аталған кестеге сәйкес Кеңес мүшесі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі) Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Қамбатыров Нұрлан Дәулетұлы ағымдағы жылдың 25 сәуірінде сағат 11-00-де азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді.

Жеке қабылдау Департамент ғимаратында (Түркістан қаласы, Отырар шағын ауданы, н/з ғимарат (Департаменттер үйі)  өтеді.

ЖАРИЯЛАНҒАН: 
23.04.2019