ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ - АЗАМАТТЫҚ БОРЫШ

Версия для печати

Қайырымды игі іс - қастерлі ұғым, әрдайым жақсылыққа және адалдыққа үндеген ізгі іс, адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі.Мемлекеттік қызметші - қоғамның ажырамас бөлігі. Осы ұстанымды өмірлік серік еткен Департамент қызметшілері бүгін әлеуметтік көмек көрсетуге арналған игі шара өткізді.

Ұжымның бастамасымен қолдау тапқан Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай Департамент қызметшілері 1 күндік еңбекақыларын жинап, 6 баланы жалғыз өзі асырап отырған ана А.Досмаханованың шаңырағына арнайы барып, ұлық мейраммен құттықтап, мерекелік тартуларын ұсынды.

Көңілге демеу ұялататын игі шараны қолға алған Департамент ұжымына асыл ана А.Досмаxанова өз отбасының атынан шынайы алғысын білдірді. Осылайша, қоғам болып қайырлы істерге көбірек көңіл бөлсек, қоғамға тиер пайдасы мол болатыны сөзсіз.Айта кетсек, осындай игі шаралар аясындағы түрлі тартулар біздің өңірімізде алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

ЖАРИЯЛАНҒАН: 
26.03.2019