ӘДЕП КОДЕКСІ НОРМАЛАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Версия для печати

Апта басында аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиевтің төрағалығымен аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында семинар-кеңес өтті. Аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, ауыл әкімдері мен дербес бөлім басшылары, басқа да мемлекеттік қызметшілер қатысқан жиында «Жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік қызметшілер тарапынан Әдеп кодексі талаптарының орындалуы бойынша атқарылған жұмыстар туралы» мәселе қаралып, талқыланды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімдігі мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп жөніндегі уәкілі Қалдықыз Қошимова есепті хабарлама жасады.

Мұнан соң семинар-кеңеске арнайы келген облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Әмірдин Әлішевке сөз берілді. Мінбеге шыққан Әмірдин Мұхиденұлы мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызметшілер арасында жүргізілген анонимдік сауалнаманың қорытындысы бойынша айтып өтті. Сонымен бірге, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалаларынан туындайтын талаптар жөнінде сөз қозғап, мемлекеттік қызмет саласында Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша оның болуы мүмкін тәуекелдері жөнінде өз ойын жеткізді.

Жиын барысында меминар-кеңеске қатысушы азаматтар тарапынан сауалдар қойылып, оларға тұщымды жауаптар қайтарылды.

Семинар соңынан Әмірдин Мұхиденұлы тұрғындармен жеке қабылдау өткізіп, оларды толғандырып жүрген мәселелерге назар аударды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

ЖАРИЯЛАНҒАН: 
12.03.2019