Электрондық еңбек биржасы «enbek.kz» порталына тіркеу туралы.

Версия для печати

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен 2018 жылдың 1 қарашасынан бастап «enbek.kz» порталында еңбек шарттарына қосымша келісім жасауға және оларды бұзуға мүмкіндік беретін электрондық еңбек шарттарды тіркеу бойынша сервис қосылуына байланысты мекемелер мен кәсіпорындардың жұмысшылармен жасалған еңбек шарттарын «enbek.kz» порталына тіркелуі қажет.

Азаматтарды жұмысқа орналастыру процесі электрондық форматқа көшіріліп, жұмыс іздеушілер мен вакансиялардың ірі базасы қалыптасты. Кәсіптік бағдарлау сервисі ашылып, онда жұмысқа орналасу бойынша ұсыныстар беріледі. Электронды биржа өнімді жұмыспен қамту бағдарламасы аясында қысқа мерзімді оқыту алаңына айналады.

2019 жылдың қортындысымен Шардара аудан бойынша жұмыс істеп тұрған 631 мекеме, кәсіпорындар мен фермерлік және шаруа қожалықтар, жеке кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Оның ішінде 3 ірі, 46 орта, 582 кіші мекеме, кәспорындар.

Бүгінгі таңда осы мекемелер мен кәсіпорындар еңбек қатынастарына қатысты заңнамалардың талаптарына сәйкес, жаңадан жұмысқа кірген жұмысшылармен жасалған еңбек шарттарын және еңбек шарттарына қосымша келісім жасауға және оларды бұзуға мүмкіндік беретін электрондық еңбек шарттарын «enbek.kz» порталына тіркеу жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуі тиіс.

 

ЖАРИЯЛАНҒАН: 
11.04.2019