Хабарландыру

Версия для печати

Шардара ауданы әкімдігінің «Шардара аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі ғимаратында 2019 жылғы 16 сәуірде сағат 11-00 де Қазыбек би көшесі №2 «Г» үй мекен жайында сауда-саттық ағылшын тәсілі бойынша жер учаскелері меншік құқығын сату аукционы өткізіледі.

Сауда-саттықтың ағылшын тәсілі бойынша аукцион өткізу шарттары.

Ұйымдастырушы объектінің бастапқы бағасын және бағаны көбейту қадамын жариялайды. Аукционға қатысушылар жарияланған қадам бойынша бағаны көтереді. Объект бойынша сауда-саттық объектінің ең жоғары ұсынылған бағасына дейін жүргізіледі. Егер объект бойынша сауда-саттықта қатысушылардың саны екіден кем болмаса, сауда-саттық өткізілді деп есептелінеді.

Жер учаскелерін сату шарттары: нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану, игеру шартын жасау, объектіні жобалау үшін сәулеттік жайғастыру тапсырмасын алу, сервитуттар беру, жер салығын уақытылы енгізу.

Ауыртпалықтар (шектеулер): инженерлік коммуникациялардың қорғау аймағын сақтау және оларды жөндеу және қызмет көрсету үшін кедергісіз кіру мүмкіндігін беру.

Жер салығы: «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» салық кодексінің 382 бабына сәйкес ауыл аумағында орналасқан ғимараттар үшін төленетін жер салығы ставкасы 0,48 теңге, ал қала аумағында орналасқан ғимараттар үшін төленетін жер салығы ставкасы 6,88 теңгені құрайды.

Аукцион барысында белгіленген бағаның елу пайызы мөлшерінде аванстық төлем сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап банктік бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде енгізіледі. Кепілдік жарна тиесілі аванстық төлемнің шотына есептеледі, ал қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей енгізілуі тиіс.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі :

Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін 24 сағат бұрын аяқталады.

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін: 1) мәліметтер түріндегі жер учаскесіне меншік құқығын (жалдау) сату жөніндегі аукционға қатысуға өтінім;

 2) сауда-саттыққа қатысушы кепілдік жарнаны «электрондық үкімет» төлем шлюзы арқылы төлеген жағдайды қоспағанда, кепілдік жарна енгізілгенін растайтын төлем құжаты; 

 3) өкілдің өкілеттіліліктерін куәландыратын құжат.

Көшірмелердің дұрыстығын растау үшін салыстырып тексеру үшін түп нұсқалар ұсынылады.
Электрондық өтініш берілген жағдайда, осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында тізбеленген құжаттар құжаттардың электрондық көшірмелері нысанында беріледі.

Жеке басты куәландыратын құжат, жеке кәсіпкерді субъектісі ретінде мемлекеттік тіркеу, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді ұйымдастырушы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.

Шетелдіктер немесе шетелдік заңды тұлғалар қазақ және (немесе) орыс тілдерінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар шетелдік паспорттың немесе құрылтай құжаттарының нотариалды расталған көшірмелерін ұсынады.

Шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және шетелдік заңды тұлғалардың құжаттары, егер сауда-саттыққа шығарылатын объектілер Жер кодексіне сәйкес осы тұлғалардың жеке меншік құқығында немесе жалдау құқығында болу қарастырылған жағдайда, сауда-саттыққа қатысушы ретінде тіркелу үшін қабылданады.

Аукционға қатысу туралы өтінімді қабылдаудан бас тартылған жағдайда, ұйымдастырушы жазбаша не рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы өтінім берушіге мұнадай бас тартудың себебін жазып, өтінім түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде хабарлайды.Қатысушылар кепілдік жарнаның кез-келген санын енгізу құқықты, бірақ бір кепілдік жарна бір жер учаскесін сатып алуға құқық береді.

Кепілдік жарна Шардара ауданы әкімдігінің «Шардара аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің депозиттік шотына енгізіледі: БСН 180940021872, ИИК KZ780705034633528001, БИК ККМFKZ2A Қазынашылық комитеті ҚР ҚМ» мемлекеттік мекемесінің есеп шоты.

Конкурсқа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап мына мекен-жайда: Шардара ауданы әкімдігінің «Шардара аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Қазыбек би көшесі № 2 Г.

Анықтамалар үшін телефондар: 8/72535/ 2-25-53, 5-91-78

ЖАРИЯЛАНҒАН: 
11.04.2019