ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСТАРЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫҢ АЛДЫН АЛУҒА АРНАЛДЫ

Версия для печати

Қаладағы әуежай алаңында «Көктем – 2019» республикалық командалық штабтың оқу-жаттығуы ұйымдастырылды. Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған бұл іс-шара «2019 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбында өткізілді.

Оқу-жаттығу жұмысына тікелей басшылық жасайтын аудан әкімінің орынбасары Н.Сапаров пен оқу-жаттығу басшысының орынбасары-аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Қ.Сартбаев іс-шараға қатысқан әрбір мекеменің дайындығын тексеріп шықты.

Оқу-жаттығу шарасына қатысқан жауапты мекемелер су тасқыны орын алған жағдайдағы өз міндеттерін іс-қимыл әрекеттерімен көрсетіп, атқаратын жұмыстарын түсіндіріп берді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Құжаттар: 
ТіркемеКөлем
Image icon чес3.JPG3.35 MB
Image icon чес5.JPG3.13 MB
Image icon чес4.JPG3.17 MB
Image icon чес.JPG3.39 MB