Мемлекеттік қызметшілердің кітапханада кездесуі өткізілді.

Версия для печати

Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметін одан әрі жетілдіру бойынша, оның ішінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі жоспарына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер арасында оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізімін қалыптастыру және тарату жөнінле кездесу өткізілді.

Осыған орай аудандық кітапхананың мамандарымен бірлесе отырып, мемлекеттік қызметшілердің ой-өрісін кеңейту мақсатында кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында кітапхананың кітаптар қорымен танысып, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерге қызметінің ерекшелігіне сай кітаптар ұсынылды.

Атап айтқанда:

Құқықтану тақырыбы бойынша: А.Н.Ағыбаев, Ү.Нұрмашев, Ф.Нұрмашева, Е.Алауханов, С.Найманбаев, А.Мұхтархановалардың кітаптары ұсынылды.

Тарих тақырыбы бойынша: Қ.Қайсенов, Ж.Ыбыраев, Ә. Бөхейханның шығармалары және М.Әбдәкімұлының Түркістан облысының ХХ ғасырға дейінгі тарихына қысқаша шолу кітаптары ұсынылды.

Экономика тақырыбы бойынша: Г.Жұмабайқызы, А.Байтасов, Экономика Әлемдік классика және С.Мақыш. Ақша, несие, банктер теориясы кітаптары ұсынылды.

ЖАРИЯЛАНҒАН: 
29.03.2019