ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ СЕЗІНУІ

Версия для печати

Бүгінгі Жас - еліміздің ертеңгі болашағы.Жастарға әлеуметтік жауапкершілікті сезіндіру бағытында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен «Түркістан - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бастамасымен Арыс қаласындағы Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылында игі шара өтті.

Көңілге демеу ұялататын жастардың патриоттық сезімін оятатын игі шараға Департамент қызметшілері мен мемлекеттік қызмет мектебінің тыңдаушылары белсене қатысты. Игі шараның басты мақсаты - мемлекеттік қызметшілерге жүктелген әлеуметтік жауапкершілікті мемлекеттік қызмет мектебінің тыңдаушыларына сезіндіру.

Өз кезегінде балалар ауылының басшысы М.Сүйіндікова бұл игі бастаманы қолға алған Департамент басшылығы мен қызметшілеріне ұжым атынан шынайы алғысын білдірді. Балалар ауылына арнайы барған жастар аулада тазалау жұмыстарын жүргізіп, көшеттер отырғызды және балаларға мерекелік тартуларын ұсынды. Жақсылыққа жаны құштар жастар бүлдіршіндерді бауырына басып, одардың көңілдерін аулап бір мейірленіп қайтты.

Қоғамның ажырамас бөлігі мемлкеттік қызметшілер осылайша, қайырлы істерге көбірек көңіл бөліп келеді.

ЖАРИЯЛАНҒАН: 
26.03.2019