Бос лауазымдар жәрмеңкесі

Версия для печати

Бүгін Шардара қаласы «Тұңғыш президент» саябағында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен бос лауазымдарды кадрлармен жасақтау және мемлекеттік қызметке түсу шарттарымен таныстыру мақсатында бос лауазымдар жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге аудан аумағында орналасқан қала, ауылдық округтерден жұмыссыз жүрген азаматтар қатысып, аудан аумағындағы мекемелердегі бос лауазымдардың талаптарымен танысты

Жәрмеңкеде аудан әкімі аппаратының персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің басшысы Кошимова Қалдыкыз Төлегенқызы келген талапкерлерге мемлекеттік қызметке орналасу мәселесі бойынша сұрақтарға жауаптар берді. Шара барысында бос лауазымдарға орналасу шарттары түсіндіріліп, әдістемелік парақшалары таратылды.

ЖАРИЯЛАНҒАН: 
19.04.2019