АУЫЛДАРДА КӨРІСУ КҮНІ ТОЙЛАНДЫ

Версия для печати

Бүгін Қ.Тұрысбеков ауылдық округінде Көрісу күні аталып өтті. Ауылдағы Мәдениет үйінде ұйымдастырылған салтанатты шараға ауыл ақсақалдары мен әжелер, көп балалы аналар, жастар қауымы қатысып, сахналық көріністер мен ұлттық ойындарды тамашалады. Ауылдан құрылған «Әжелер» ансамблі, Сәкен Бегманов, Қанат Дауылбаев сынды жыршы-термешілер мен Эльмира Шонаева, Бақберген Омаров сынды аудан өнерпаздары әсем әннен шашу шашса, ауыл азаматтары сахналық қойылым қойды.

Мерекеге жиналған халайықты аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Шермұхаммед Қаппаров, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ізтілеу Алтынбек, ауыл әкімі Әлібек Сейдалиев құттықтап, осы шараның өтуіне айрықша үлес қосқан зейнеткер Дәмеш Жұмағұловаға «Алғыс хат» тапсырды.

Көрісу мерекесінде арнайы дастархан жайылып, өмірден озған ата-баба әрауқтарына құран бағышталды. Ауыл имамы Смат Әбдіраманов дастархан басында сөз алып, көрісу күнінің қадір-қасиеті, ел бірлігі мен татулығы жөнінде насихат уағыз айтты.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

ЖАРИЯЛАНҒАН: 
14.03.2019