ШАРДАРА АУДАНЫ

Версия для печати
ШАРДАРА АУДАНЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2015-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТРАТЕГИЯСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӘНЕ КӨЛЕҢКЕЛІ ЭКОНОМИКАҒА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ 2015-2017 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

 

 

Аудан әкімдігінің 2015 жылғы

«29»  шілдедегі № 302

қаулысына қосымша

 

Шардара ауданында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға  қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау бойынша шаралар жоспары

р/с

Іс-шаралар атаулары

Аяқтау нысаны

Орындалуына  жауаптылар

Орындау мерзімдері

 

 

 

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

 

1

Мемлекеттік органдарда қолданыстағы заңнама талаптарының аясында жемқорлыққа қарсы іс-қимылды  жүзеге асыруға жауапты басшының орынбасары лауазымынан төмен емес мемлекеттік қызметшіні бекіту

Аудан әкімінің аппаратына ақпарат

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшылары

Қала, ауыл округ әкімдері

1 жартыжылдық

2015 жыл

Талап етілмейді

2

Мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа төзбеушілікті қалыптастыру мақсатындағы орнатылған «сенім» телефонын БАҚ          -да жариялау 

Аудан әкімінің аппаратына ақпарат

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшылары

Қала, ауыл округ әкімдері

1 жартыжылдық

2015 жыл

Талап етілмейді

3

Жемқорлыққа қарсы күресте жаңадан қабылданған заң нормаларын ескере отырып, жемқорлыққа қарсы іс-қимылды профилактикаға бағыттау шараларын іске асыру

Аудан әкімінің аппаратына ақпарат

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшылары

Қала, ауыл округ әкімдері

Тұрақты

Талап етілмейді

4

Мемлекеттік қызметшілерге қатысты сыбайлас жемқорлыққа  байланысты  ақпараттар мен  БАҚ-да жарияланған сын мақалалар бойынша тиісті  жұмыстар жүргізу және расталмаған мәліметтерді жоққа шығару шарасын жүзеге асыру

Аудан әкімінің аппаратына ақпарат

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшылары

Қала, ауыл округ әкімдері

Тұрақты

Талап етілмейді

5

Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын кедергілерді анықтау үшін кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасына мониторинг жүргізу

Аудан әкімінің аппаратына ақпарат

Аудандық кәсіпкерлік бөлімі

Тоқсан сайын

2015 жыл

Талап етілмейді

6

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және құқық қорғау органдарының қызметі жөніндегі жұмыстары туралы материалдардың жариялануын қамтамасыз ету

Аудан әкімінің аппаратына ақпарат

Аудандық ішкі саясат бөлімі

Қала, ауыл округ әкімдері

Тоқсан сайын

2015 жыл

Талап етілмейді

7

Қоғамдық сананың сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілігін қалыптастыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру. Жергілікті БАҚ-да облыс әкімінің орынбасарлары мен облыс әкімінің инспекторларының азаматтарды қабылдау өткізу кезеңдерін жариялау

Аудан әкімінің аппаратына ақпарат

Аудандық ішкі саясат бөлімі

Қала әкімі

Тоқсан сайын

2015 жыл

Талап етілмейді

8

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі бойынша тұрғындардың көзқарасын зерттеу, талдау, анықтау бағытында жұмыстар жүргізу.

Мемлекеттік мекемелерді жасырын сұрақ-жауап сауалнамасын өткізу

Аудан әкімінің аппаратына ақпарат

Аудандық ішкі саясат бөлімі

Қала, ауыл округ әкімдері

Тоқсан сайын

2015 жыл

Талап етілмейді

9

Аудан әкімдігінің интернет-ресуртсында олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметі туралы арнайы тараудың жұмыс істеуін қамтамасыз ету

Аудан әкімінің аппаратына ақпарат

Аудандық ішкі саясат бөлімі

 

4-тоқсан

     2015-2017 жылдар

Талап етілмейді

10

Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу бойынша мәліметтерге, сондай-ақ тұрғын үй алған азаматтардың тізімдеріне еркін қолжетімділікті қаматамасыз ету

Аудан әкімінің аппаратына ақпарат

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушалар көлігі бөлімі

4-тоқсан

2015 жыл

Талап етілмейді

11

Дала жұмыстарын жүргізу үшін аудан бойынша жанар-жағар май көлемі мен оны жеткізудің біріңғай операторын айқындау.

Агроқұрылымдарға субсидияларды «Қазпошта» арқылы электронды нұсқада төлеуді жетілдіру

Аудан әкімінің аппаратына ақпарат

Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі

Қала, ауыл округ әкімдері

 

Жыл сайын

Талап етілмейді

12

Жастар ұйымдарын тарта отырып және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие  мәселелерін енгізіп, білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс жоспарын бекіту

Аудан әкімінің аппаратына ақпаратына жұмыс жоспарын түзген соң ақпарат

Аудандық білім бөлімі

Аудандық ішкі саясат бөлімі

Жыл сайын

Талап етілмейді

13

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылуы туралы жыл сайынғы есепті БАҚ-да немесе интернет-ресурс сайттарына орналастыру

Аудан әкімінің аппаратына ақпарат

Аудандық ішкі саясат бөлімі

 

Жыл қорытындысы бойынша жыл сайын, 1 ақпаннан кешіктірмей

Талап етілмейді

14

Кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру бойынша жағдайлар жасау және ынталандыру шараларын жүргізу жөніндегі жұмысты жалғастыру

Аудан әкімінің аппаратына ақпарат

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушалар көлігі бөлімі

3-тоқсан

2016 жыл

Талап етілмейді

15

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар бөлінісінде түсетін өтініштерге талдау жүргізу мүмкіндігімен мемлекеттік сатып алу процесіне қатысушылардың шағымдарын қабылдау процесін автоматтандыру және оларды қарау қорытындыларын ұйымдастырушылардың интернет-ресурсында жариялау

Аудан әкімінің аппаратына ақпарат

Дербес бөлім басшылары

Қала, ауыл округ әкімдері

        3-тоқсан

        2016 жыл

Талап етілмейді

16

Жеке және заңды тұлғаларға жер телімдерін беру үшін өткізілетін конкурс, аукциондарды ашық түрде өткізу және оған қатысушылар санын арттыру үшін шаруа қожалықтарын тікелей хабардар ету

Аудан әкімінің аппаратына ақпарат

Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі

 

        Тұрақты

Талап етілмейді

17

Салық базасын ұлғайту мақсатында, жеке тұлғалардың тіркелмеген жылжымайтын мүліктерін анықтау бойынша, аула аралау жұмыстарын ұйымдастыру

Аудан әкімінің аппаратына,

Аудандық экономика және қаржы бөліміне

ақпарат

Қала, ауылдық округ әкімдері

        Тұрақты

Талап етілмейді

18

«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы мемлекеттік мекеме басшыларымен тұрғындардың арыз-шағымдары бойынша бірлескен қабылдаулар өткізуін жалғастыру

Аудан әкімінің аппаратына ақпарат

«Нұр Отан» партиясы Шардара филиалы

(келісім бойынша),

Аудан әкімі аппараты

Кестеге сәйкес

айына 2 рет

Талап етілмейді

19

«Нұр Отан» партиясы филиалының жанындағы партиялық бақылау және қоғамдық кеңестерінде  құқық қорғау органдарының мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысының қорытындылары жөніндегі мемлекеттік мекеме басшыларының есептерін тыңдау 

Аудан әкімінің аппаратына ақпарат

 

 

«Нұр Отан» партиясы  Шардара филиалы

(келісім бойынша),

Қала әкімі

Тұрақты

Талап етілмейді

20

Бюджетті тиімді игеру жүйесін жетілдіру мақсатында мемлекеттік сатып алу рәсімдерін, келісім шарттың орындалуы кезінде сыбайлас жемқорлықтың  алдын алу және оған жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатындағы талаптарын қатаң сақтау

Аудан әкімінің аппаратына ақпарат

 

 

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар,

Қала, ауыл округ әкімдері

Тұрақты

Талап етілмейді