ҚАУЫРТ ЖЕЛІ

Версия для печати

Азаматтар мен ұйымдардан діни салаға қатысты барлық мәселелер бойынша ақпарат қабылдауға, сондай-ақ жат пиғылды діни қызметтен зардап шеккендерге консультациялық және психологиялық көмек көрсетуге арналған «Қауырт желі – 114» жұмыс істейді.
Егер:
-  Сізге және Сіздің жақындарыңызға түсініксіз діни идеяларды таңып, запы қылатын болса;
-  Сізге көшеде, кіреберістерде, пәтерлерде, көлікте күдікті діни кітаптардың, журналдардың, кітапшалардың, парақшалардың таратылуы туралы белгілі болса;
-  Сізбен және Сіздің жақындарыңызбен діни тақырыптарға күдікті үгіт жүргізуге тырысса;
-  Сізге және Сіздің жақындарыңызға жабысып, айырылмай діни жоралар мен іс-шараларға қатысуды  ұсынатын болса;
-  Сізді діни сипаттағы күдікті жиналыстар мазалаған болса;
-  Сіздің өзіңіз және Сіздің жақындарыңыз күдікті адамдардың не болмаса діни бағыттағы ұйымдардың ықпалына түскен болсаңыздар;
-  Сіздің өзіңіз және Сіздің жақындарыңыз діни сипаттағы проблемалар салдарынан қиын жағдайларға ұшыраған болсаңыздар;
-  Сіздің өзіңіз немесе Сіздің жақындарыңыз дін саласындағы мамандардың кеңесі мен көмегін  қажет ететін болсаңыздар,хабарласыңыздар.
Біз Сіздердің барлық сұрақтарыңызға жауап береміз және көмек көрсетеміз!

Сіздер үшін заңгерлер, теологтар, дінтанушылар, психологтар жұмыс істейді.Кеңес беру тәулік бойы және құпия, жасырын түрде жүргізіледі. Қоңыраулар Қазақстанның кез-келген нүктесінен тегін қабылданады. 


«110» нөмірі қауіп- қатердің алдын алады

Қауіпсіздік Кеңесінің  тапсырмасымен Қазақстан Республикасының Ақпарат және Комуникация Министрлігі тарапынан жергілікті жерлерде  терроризмге қарсы «шұғыл желі» құру бойынша террористік қауіптерге байланысты  хабарламалар қабылдау үшін үштаңбалы «110» нөмірі бөлінді.

Азаматтардың Қазақстанның кез-келген нүктесінен «110 шұғыл желісіне» шығыс қоңырауды жүзеге асыру кезінде қоңыраулар аумақтық белгісі бойынша ҰҚК Департаментінің кезекші қызметтеріне  түсетін болады (мысалы ,Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара ауданынан қоңырау шалынған  кезде  қоңырау ҰҚК Оңтүстік Қазқстан облысы департаментінің кезекші қызметіне түседі) Біріңғай «шұғыл желі» жоғарыда  аталғандарды ескере келе, жеке және заңды тұлғалардан террористік жағдай туындауының  алғышарттары  немесе туындауы, адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген  қауіп және  шұғыл көмек көрсету шараларын қабылдауды қажет ететін басқа да жағдайлар туралы хабарлар қабылдайды.

Сонымен қатар, «110  шұғыл желісінің» қызметтік террористік және діни экстремистік идеологияны тарату, террористік актілерді ұйымдастыру және қаржыландыру, дәстүрлі емес діни ағымдарға оқыту қауіптеріне байланысты  жедел хабарламаларды қабылдау болып табылатындығын ерекше атап өту қажет.


ҚАУЫРТ ЖЕЛІ 114

Желі - азаматтар мен ұйымдардан діни салаға қатысты барлық мәселелер бойынша ақпарат қабылдауға, сондай-ақ деструктивті діни қызметтен зардап шеккендерге кеңесшілікжәне психологиялық көмек көрсетуге арналған.

Хабарласыңыздар, егер:

- Сізді немесе Сіздің жақындарыңызды түсініксіз діни ойларды қабылдауға мәжбүрлеген болса; 

- Сізге көшелерде, кіреберістерде, пәтерлерде, көліктерде күдікті діни кітаптардың, журналдардың, кітапшалардың, парақшалардың таратылуы туралы белгілі болса;

- Сізбен немесе Сіздің жақындарыңызбен діни тақырыпта күдікті үгіт жүргізгісі келсе; 

- Сізге немесе Сіздің жақындарыңызға діни жоралар мен іс-шараларға қатысудыұсынған болса; 

- Сізді діни бағыттағы күдікті жиындар мазалаған болса; 

- Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз күдікті адамдардың не діни бағыттағы ұйымдардың ықпалына түскен болса; 

- Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз діни мәселелерге байланысты қиын жағдайларға ұшыраған болса; 

- Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз дін саласындағы мамандардың кеңесі мен көмегін қажет ететін болса

біз Сіздердің барлық сұрақтарыңызға жауап береміз және көмек көрсетеміз!

Сіздер үшін заңгерлер, теологтар, дінтанушылар, психологтар жұмыс істейді.

Кеңес беру тәулік бойы және дербес жүргізіледі.

Қоңыраулар Қазақстанның кез-келген нүктесінен тегін қабылданады.


Видеогаллерея


 

ЖАРИЯЛАНҒАНЫ: 
24.08.2016 - 11:49:45
ЖАҢАРТЫЛҒАНЫ: 
13.06.2017 - 17:35:23