«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 15-қадамы

Версия для печати

«100 нақты қадам» бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі бағдарламада, 15 қадам 2017 жылы іс басындағы мемлекеттік қызметкерлерді кешенді аттестаттаудан өткізу қарастырылады.

Аттестациялау рәсімдерін өткізу мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік қызметшілердін шын әлеуетін анықтау мақсатында жүргізілетін шара.

Аттестациядан өткізу кестелерін мемлекеттік органдар 2017  жылдың 5  қантарына  дейін, мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органмен келісе отырып,бекітеді.

Төмендегілерді  қоспағанда,аттестацияны  «Б»  корпусының  қызметшілері  өтеді:

1) аттестациядан өткізу уакытында, зейнеткерлік жасына дейін екі жыл немесе одан аз уақыт қалған«Б» корпусының қызметкерлері.

2) жүктілігі және тууына  байланысты  демалыстағы, сондай-ақ балага қамқорлық жасау  бойынша демалыстағы «Б» корпусының қызметшілері;

3) жүкті әйелдер, үш  жасқа дейінгі балалары бар әйелдер,он  төрт  жаска дейінгі тәрбиелеп отырған балалары бар (он сегiз жасқа толмағанмүгедек бала)  жалғыз басты аналар,көрсетілген санаттағы балаларды анасыз тәрбиелеп отырған,басқа да тұлғалар;

4) аттестаттация кезінде, алты айдан кем мемлекеттік қызмет өтілі бар әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға алғаш рет тағайындалған тұлғалар;

5) «А»  корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметінің кадрлық резервінде тұрған,«Б» корпусының қызметшілері.

Мемлекеттік қызметшілеріне жыл сайынғы еңбек демалысын беру, іс-сапарларға жіберу, тағлымдамалар, сондай-ақ біліктілікті арттыру мен қайта даярлау курстарына жіберу, аттестациядан өткізу кестесін ескере отырып, жүзеге асырылады. «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің ішкі конкурстарға қатысулары,сондай-ақ олардың ауысу тәртіппен мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға тағайындаулары, тиісті аттестаттау комиссиясын шешімі қабылданған болса ғана рұқсат етіледі.

Бұл талап, уақытша бос лауазымдарға тағайындалған тұлғаларға қолданылмайды.

Аттестаттация кезінде оқу демалысында,жалақы сақталмайтын демалысында,ұзақ сапарда немесе науқастануына байланысты, сондай-ақ халықаралық және өзге де ұйымдарға іс-сапарға жіберілген мемлекеттік қызметшілері,жұмысқа шыққаннан соң алты ай мерзімінде 2017 жылдың соңына дейін аттестациядан өтеді.