СҰРАҚ-ҚОЮ

Версия для печати

Өзіңізді таныстырып, сұрағыңызды қойыңыз


 

Шардара ауданында «Ирригациялық және дренаж жүйелерін жетілдіру» жобасының 2-кезеңі аясында (ИДЖЖЖ-2) атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтып берсеңіз?

Қазақстан Республикасы Үкіметімен Дүние жүзілік қайта құру және даму банкі қаржысымен Оңтүстік Қазақстан облысында «Ирригациялық және дренаж жүйелерін жетілдіру» жобасының 2-кезеңінде (ИДЖЖЖ-2) инженерлік іздестіру-жобалау жұмыстары жүргізілуде. Жобаның 70-%-ын Қазақстан Республикасы, 30 %-ын Дүние жүзілік қайта құру және даму банкі қаржыландырады. Жалпы жоба 3 жұмыс кезеңінен тұрады: 1 кезең – сауықтыру жұмыстары, 2 кезең – индустриалды дамыту жұмыстары, 3 кезең – ауыл шаруашылығын дамыту жұмыстары. ИДЖЖЖ-2 жобасы бойынша Шардара ауданының 3 ауылдық округіндегі (Алатау батыр, Қызылқұм, Сүткент) 20630 га суармалы жердің жағдайын қайтадан қалпына келтіру, ұзындығы 964,435 шақырымды құрайтын су жүйелерін, ұзындығы 1376,5 шақырымды құрайтын қашыртқы жүйелерін және 77 дана тік дренаждарды қалпына келтіру қарастырылған. Осымен қатар 10628 дана гидротехникалық құрылғыларды (су реттегіш тоспалар), 30 дана ауыл шаруашылығы техникалары қатынайтын жаңадан үлкен көпірлер салыну жоспарлануда. Бүгінгі таңға жобаны іске асыру бағытында Үкімет деңгейінде қаржы бөлу жұмыстары жүргізілуде.

Сұрақ қою