ШАРДАРА АУДАНЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАҒЫТЫНДА 2016 ЖЫЛЫ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ

Версия для печати

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының орындалуын қамтамасыз ету үшін аудан әкімдігінің 2015 жылғы  29 шілдесінде №302 қаулысымен «Шардара ауданында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау бойынша іс-шаралар жоспары» бекітілген.Жоспар кесте 20 тармақтан тұрады.

Аталған іс-шаралар жоспары ауыл округі әкімі аппараттары мен  аудандық дербес бөлімдерде іске асырылып, түрлі іс-шаралар: дөңгелек үстел, семинар, жиналыс, лекциялар, кездесулер өткізіліп, аудан әкімі аппаратына мәліметтер беріліп отыр.

2016 жылдың бірінші және екінші жартыжылдықтарында аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия мәжілісінде 2016 жылға бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, аудандық экономика және қаржы, мәдениет және тілдерді дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдері мен Шардара қаласы, Көксу, Достық ауылдық округтері және аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы мен аудандық емханамен бекітілген жоспар-кестеге сәйкес, атқарылып жатқан жұмыстарының орындалу барысы туралы есептері тыңдалды.

Сонымен қатар, аудан әкімі аппаратында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызметі туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Әдеп кодексі туралы» және Қазақстан Республикасының басқа да Заңнамаларын түсіндіру мақсатында құқықтық оқытулар өткізіліп тұрады.

Құқықтық семинарлардың жүргізілу барысында, мемлекеттік қызметшіге жеке және заңды тұлғалардан қызмет үшін сыйлық алуға жол бермеу туралы түсіндірілуде. Шағымдар мен өтініштерді қарастыру кезінде аудан әкімі аппаратының қызметкерлері «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі» туралы Заңын тұрақты бақылауға алған.

Жиналыстар мен мәжілістерде қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы, оның алдын алу мәселелері бойынша үнемі түсіндіру және алдын-алу жұмыстары жүргізілуде.

Қоғамдық-саяси жағдайларды зерделеу аясында бөлімде аудан халқының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік органдар тарапынан жүргізіліп жатқан шараларға халықтың көзқарасы бойынша қоғамдық пікірлерге өлшеу жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жетілдіру, ұсыныстар әзірлеу бойынша аудан тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде және сыбайлас жемқорлықтың деңгейін анықтауға арналған әлеуметтік сауалнамалар ай сайын жүргізіліп, қорытындылары бойынша қала, ауылдық округ әкімдеріне және дербес бөлім басшыларына жолданып, орындалуы бақылауға алынған.

Мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын табыстары жөніндегі мәлімдемелерін (декларация) салық органдарына мерзімінде тапсырылған.

2016 жылы сыбайлас жемқорлыққа байланысты мемлекеттік қызметшілер тарапынан құқық бұзушылықтар тіркелмеген.

Сонымен қатар,  қала, ауыл округ әкімдері мен дербес бөлім басшылары,  аппарат  қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оған жол бермеу мәселелері бойынша мәжілістер тұрақты өткізілуде. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі бекітілген медиа-жоспарға сәйкес, мақалалалар жүйелі жариялануда. Көрнекі үгіт құралдары арқылы насихат жұмыстарын жандандыру мақсатында Шардара қаласында 4 жерде және ауылдық округтерде 5 жерде билбордтар ілінген.       

Аудан әкімі аппаратында, ауыл округі әкімі аппараттары мен  аудандық бөлімдерде сенім телефоны және сенім жәшігі бекітіліп, орнатылған, арыз шағымдарды тіркеу журналы арналған, аудандық «Шартарап шарайна», «Өскен өңір» газеттеріне сенім телефондарының нөмірлері жарияланып отырады.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес және оның алдын алу бойынша ауданда атқарылып отырған жұмыстарға ақпараттық қолдау көрсету мақсатындажергілікті БАҚ-да жарияланған материалдарға әр айда талдау жүргізілуде. 2016 жыл бойына «Өскен өңір» газетінде – 91, «Шартарап Шарайна» газетінде –                    22 мақала жарияланған.

РАЗМЕЩЕНО: 
03.02.2017-12:00:00