Мектеп оқушысы өзіне қол жұмсады

Версия для печати

«Nur.kz» ақпараттық порталында 2019 жылдың 15 наурыз күні «Обвинил в свеой смерти учителя: школьник покончил с собой в Туркестанской области» атты тақырыпта жарияланған ақпарат бойынша төмендегіні мәлімдейміз:

2019 жылы 15 наурыз күні таңғы сағат 8.00-де Шардара аудандық Полиция бөлімінің кезекшілік бекетіне 2004 жылғы туылған, 9 сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсағандығы жөнінде хабарлама келіп түскен.Аталған оқиға қайтыс болған баланың өз үйіндегі сарайында орын алған.Жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнына келіп жеткенде баланың қайтыс болғанын анықтайды. Оқиға орнын тексеру барысында баланың өзінің өліміне мектептегі ұстазын кінәлап жазған қолхаты табылғандығы болжануда.Қазіргі таңда өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша құқық қорғау органдары тарапынан тергеу амалдары жүргізілуде.

Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

РАЗМЕЩЕНО: 
15.03.2019