2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының Шардара ауданында орындалу барысы туралы

Версия для печати

 


Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының Шардара ауданында орындалу барысы туралы

 

 «Шардара ауданында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» аудан әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі №302 қаулысымен бекітіліп, орындалуы қадағалауға алынған.

Мемлекеттік органдарда қолданыстағы заңнама талаптарының аясында сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыруға жауапты болып аудан әкімдігі мен дербес бөлімдер және қала, ауылдық округі әкімі аппараттарынан лауазымды тұлғалар бекітілген.

Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа байланысты, сонымен қатар құқық бұзушылық әрекеттерін уақытылы хабарлау үшін «Сенім телефон» нөмерлері аудандық бұқаралық ақпарат құралдарына тұрақты жариялануда.

Жемқорлыққа қарсы күресте жаңадан қабылданған заң нормаларын ескере отырып, жемқорлыққа қарсы іс-қимылды профилактикаға бағыттау шараларын іске асыру мақсатында бекітілген жоспарға сәйкес, құқықтық оқытулар өткізілуде. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты болдырмау, одан туындайтын мәселелердің алдын алу бойынша облыс прокуратурасының бастамасымен «Тиімді шағымдар қоғамына» жобасының ауданда бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарын түсіндіру бойынша «Азаматтардың өтініштерін қараудың өз тәртібі бар» тақырыбында жиындар өткізілген.

2017 жылы мемлекеттік қызметшілерге қатысты сыбайлас жемқорлыққа байланысты ақпараттар мен сыни мақалалар бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланбаған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және құқық қорғау органдарының қызметі туралы жергілікті БАҚ-да 13 мақала жарық көрген.

Қоғамдық сананың сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілігін қалыптастыру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі – Оңтүстік Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органдардың Әдеп жөніндегі уәкілі Ә.Әлішевтің қоғамдық қабылдау өткізетіні жөнінде аудандық «Өскен өңір» газетінің 24.02.2017 жылғы №10 санында,  23.06.2017 жылғы №27 санында, 6.10.2017 жылғы №42 санында және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының ОҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Д.Тұрғынбаевтың жеке қабылдауы өтетіні жөнінде аудандық «Өскен өңір» газетінің 8.09.2017 жылғы №38 санында жарияланған.

Аудан тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде және сыбайлас жемқорлықтың деңгейін анықтау мақсатында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Сапа-De Jure, De Factor» ЖШС тарапынан 2017 жылдың                           13-15 наурыз  және 14-16 қазан аралығында әлеуметтік сауалнама жүргізіліп,  қорытындылары бойынша қала, ауылдық округ әкімдеріне, дербес бөлім басшыларына ұсынымдар жолданған.

Аудан әкімдігінің интернет-ресурсында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша арнайы тарауы ашылған. Жоспарға сай бекітілген мерзімде жаңартылып тұрады.

Шардара ауданында тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды кезекке қою жұмыстары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы  9 сәуірдегі                 №319 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес  жүргізіледі.

Жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардан жасақталған тізімде 126 тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тіркелген болса, халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарынан жасақталған тізімде - 670 тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тіркелген. 

Мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдардан жасақталған тізімде -200 тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тіркелген. Жалпы Шардара ауданында барлығы 996 отбасы тіркелген.

2017 жылы ауданға Үкімет тарапынан жеңілдетілген бағада көктемгі дала жұмыстарына 2860 тонна, күзгі дала жұмыстарына 3055 жанар-жағармай бөлініп,  бірыңғай оператор ретінде келісім шартқа отырған ЖК «А.Жұмабеков» және «Samali group» ЖШС-мен бүгінгі таңда жалпы 3494,8 тонна жанар-жағармай босатылды.

Аудан аумағында жалпы агроқұрылымдарға бөлінетін субсидиялар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітілген тәртіппен жергілікті жерлердегі Қазынашылық басқармалары арқылы электронды түрде жеткізіледі.  

«Жас Отан» жастар қанаты және қоғамдық негізде жұмыс істейтін жастар ұйымдарын тарта отырып және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мәселелерін енгізіп, білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөнінде жұмыс жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес, 2017 жылдың 15 ақпан күні «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!»  және 12 мамыр күні «Сыбайластық қоғам дерті» атты тақырыптарда семинар өткізілген.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 9 маусым, 18 қыркүйек және 9 желтоқсан күндері «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында жиналыстар өткізілді.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес және оның алдын алу бойынша ауданда атқарылып отырған жұмыстарға ақпараттық қолдау көрсету мақсатында жергілікті БАҚ-да жарияланған материалдарға әр айда талдау жүргізілуде. 2017 жылдың 12 айлық көрсеткішінде аудандық «Өскен өңір» газетінде – 130, «Шартарап Шарайна» газетінде –38 мақала жарияланған.

Көрнекі үгіт құралдары арқылы насихат жұмыстарын жандандыру мақсатында Шардара қаласында 3 жерде және ауылдық округтерде 10 жерде билбордтар ілінген.  

Жыл басынан бері ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру бойынша жағдайлар жасау және ынталандыру шаралары тұрақты түрде ауылдық округ әкімдері мен аудандық «Жұмыспен қамту орталығымен» атқарылуда.

2017 жылы сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында «Мемлекеттік сатып алу» заңдылығының негізінде барлық конкурстар электронды портал арқылы жарияланып, анықталған жеңімпаздар өз жұмыстарын жүргізуде. 

 Мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың сатып  алу процесіне қатысты шағымдары тіркелмеген.

   Жеке және заңды тұлғаларға жер телімдерін беру үшін өткізілетін конкурс, аукциондар Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика Министрлігінің                       2015 жылғы 31 наурыздағы № 290 бұйрығына сәйкес, «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда - саттықты ұйымдастыру мен өткізу Қағидаларына» сәйкес ағымдағы жылдың 26 мамырында 1 рет конкурс өткізілді. Шардара ауданы бойынша жер учаскесін сауда-саттықта өткізу туралы облыстық және аудандық БАҚ-да жарияланды. Жеке және заңды тұлғаларға жер телімдерін беру үшін өткізілетін конкурс, аукциондарға қатысушылар санын арттыру үшін шаруа қожалықтарын тікелей хабардар ету бойынша әр ауылдық округтер мен қала да түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

2017 жылы «Нұр Отан» партиясының аудандық филиялының қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрғындардың арыз-шағымдары бойынша аудан әкімінің жеке қабылдауында тұрғын үй бойынша – 6,  ауылшаруашылығы, жер мәселелері бойынша– 1, кәсіпкерлік саласы бойынша – 1, құрметті атақтар бойынша – 1 азаматтың сұрақтарына заңға сәйкес жауап берілген.

Сонымен қатар, мекеме басшыларының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес, мекеме басшылары әр-салада 30 қоғамдық қабылдау өткізіп, 50 азаматты қабылдады. Олардың 20-на оң шешіммен жауап берілсе, қалған 30 азаматқа түсініктеме берілген.

2017 жылы партияның Саяси кеңес Бюросының мәжілісінде мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы жөнінде  аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, Ақшеңгелді ауылдық округі «Бастауыш» партиясының төрағасы - мектеп директоры, Ұзыната мен Алатау батыр ауылдық округ әкімдерінің және аудандық депутаттың  есептері тыңдалған.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік сатып алу веб порталы арқылы электронды түрде бір көзден алу, баға ұсыныстарын сұрату, конкурс тәсілдерімен келісім шарттар түзілген. Осы келісім шарттардың орындалуы кезінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында «Мемлекеттік сатып алу» Заңының талаптары қатаң сақталған және тұрақты бақылауға алынған. 

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына талаптарын бұзып, сыбайластыққа жол беріп, тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар жоқ.

 Сонымен қоса, Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлыққа тәукелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік» қағидаларына және аудан әкімінің 29.05.2017 жылғы №2-34ө «Жұмыс тобын құру туралы» өкіміне сәйкес, 2017 жылғы 10-31 тамыз аралығында Шардара ауданының Шардара қаласы және ауылдық округтер әкімдері аппараттары мен дербес бөлімдердің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Жүргізілген ішкі талдау қорытындысы бойынша анықтама түзіліп, аудан әкіміне баяндалып, кемшіліктерге жол берген мамандардың тәртіптік жауапкершіліктері қаралған.


 

РАЗМЕЩЕНО: 
10.01.2018-12:00:00